Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 5220 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 03:00

ОҚО: 74 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Өңір басшысы Шымкент қаласындағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады, - деп жазады "Оңтүстік Рабат" газетінің тілшісі.

Әкім әкімшілік-іскерлік орталығындағы көркем гимнастикаға арналған спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған орталықтың құрылысын мердігер мекеме «КДСМ» ЖШС жүргізуде. Көркем гимнастикаға арналған спорт кешені 8 блоктан тұрады. Мұнда спорттық арена, екі көрініс алаңы және 750 көрерменге арналған трибуна бар. Сонымен қатар, 4 жаттығу алаңы, хореография залы, дайындыққа арналған жаттығу залдары мен венткамера, буфет, медпункт және егу бөлмесі, спортшылардың киім ауыстыру және жуыну бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ, 4 бір орындық қонақжай бөлмесі, екі орындық 6 номер, бассейн, 38 адамға арналған екі орындық жатын бөлмесі мен галерея бар. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайыз орындалған. Нысан құрылысы биылғы жылдың қараша айында толық аяқтап пайдалануға берілмек.

Облыс басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа тұрғын алабы мен нысандарға жылу беретін қуаттылығы 160 Гкал қазандықтың жұмысымен танысты. Қазандықтың бүгінгі күнге ирригациялық лотоктарды орнату, жарықтандыру және асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосу жұмыстары пысықталуда.
Қаладағы нысандарды аралау барысында облыс басшысы 40 көппәтерлі №2Б, №2В коммуналдық арендалық тұрғын үйлердің сапасымен танысты. Тоғыз қабатты үйлердің бірінші қабатында кеңселер орналасқан. Әрбір тұрғын үй 128 пәтерден тұрады. Шымкентте 103 көпқабатты тұрғын үй (5351 пәтер, 293,3 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады.

Естеріңізге саламыз, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс көлемі 18%-ға өсті.

Жалпы, 2015 жылы өңірде 405,5 мың шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта 69 тұрғын үй салынып жатыр, олардың 12 республикалық бюджеттің қаражатына және 57 үй облыстық бюджеттің қаражатына салынатын болады.

Барлығы 2015 жылдың соңына дейін 43 үй салынады, ал 2016 жылы тағы да 26 үйдің құрылысы жалғасатын болады.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 84 үй салынып, 23 үй пайдалануға берілді.

Abai.kz

0 пікір