Жұма, 13 Желтоқсан 2019
Жаңалықтар 1966 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 10:17

ЖАПОНИЯ ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден соң, Токио Қазақстанда атом электр стансасын салуға қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Синдзоның сөзінше, Жапония Қазақстандағы мемлекеттік және жеке саладағы реформаларға көмек беруін жалғастыра бермек. Абэ келіссөз барысында өнеркәсіп саласы үшін жоғары білікті мамандар дайындау жағынан ынтымақтастық орнату туралы мәмілеге келгендерін мәлімдеді.

- Біз презиент Назарбаевпен ядролық сынақтарға толық тиым салуға байланысты келісімшарт туралы ортақ мәлімдемеге қол қойдық. Бұл соғыс кезінде атом бомбасынан зардап шеккен жалғыз ел ретінде Жапония үшін өте маңызды, - деді Синдзо Абэ.

Кездесуді қорытындылаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елінің ірі жапон компанияларынан инвестиция күтетінін айтты.

Астанаға сапары барысында Абэ бүгін қазақ-жапон бизнес форуына келеді деп жоспарланған. Сонымен бірге Жапония премьер-министрі Назарбаев университетінде лекция оқуы мүмкін.

Абай-ақпарат 

0 пікір