Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
Жаңалықтар 1946 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 10:23

ҚЫРҒЫЗСТАН. СИРИЯҒА СОҒЫСҚА ШАҚЫРҒАН АДАМ ҰСТАЛДЫ

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері ел азаматтарын Сирияға экстремистер жағында соғысуға үгіттеген адамды ұстады.

Құзырлы орган баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, террорлық ұйым мүшесі 1967 жылы туған, И.У. қазанның 21-і күні Ош қаласында ұсталған.

Тергеу барысында күдіктінің Қырғызстанда тиым салынған халықаралық террорлық ұйымардың бірінің мүшесі екендігі, эмиссарларымен тұрақты байланыста болғаны, солардың нұсқауымен қырғызстандықтарды қақтығыс аймағына баруға үгіттеумен және сол жаққа жіберумен айналысқаны анықталған.

И.У. үйін тінту барысында белгісіз химиялық зат табылып, ол токсикологиялық сараптамаға жіберілді. 

Тергеу амалдары кезінде «И.У.» өзінің террорлық топқа қатысы барын және үгіт-насихат жұмыстарымен айналысқанын мойындаған және улаушы заттардың құрамын қайдан алғанын, атап айтқанда, оларды дайындау туралы нұсқаулықтың халықаралық террорлық топтың шетелдегі орталықтарынан келгенін айтып берген.

Күдікті қазір қамауда, жедел іздестіру және тергеу амалдары басталды.

Абай-ақпарат

0 пікір