Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4888 0 пікір 28 Қазан, 2015 сағат 10:49

«АУЫЛ ПАРТИЯСЫ» ӘДІЛЕТТІ АГРАРЛЫҚ САСАЯСАТТЫ МҰРАТ ЕТЕДІ

 2015 жылы 26 қазанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті деп хабрлайды «Ауыл» Халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының орталық аппараты. Конференцияға «Ауыл» партиясы облыстық бөлімшесінің барлық аудандық және қалалық филиалдарының өкілдері жиылды. Қызылорда облыстық филиалының жаңа төрағасы болып С.І.Өмірзақов бірауыздан сайланды. Конференция жұмысына «Ауыл» ХДПП төрағасы, Қазақстан Республикасы Сенат депутаты Ә.Бектаев қатысты. Ә. Бектаев өзінің сөзінде : «Ауыл партиясы ауылшаруашылық өнімдеріне әділетті баға қажет деп есептейді. Бұл мақсатқа аграрлық секторды индустрияландыру негізінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау технологияларын дамыту арқылы жетуге болады»-деп атап өтті Осы тұрғыда, мемлекетімізді жаңа формацияға көтеру, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, ең негізгісі, әлемдік дағдарысқа қарамай, экономикалық өсімді, халқымыздың әлеуетін жақсартуды қамтамасыз ету - партияның негізгі мәселесі. Анықтама: Ауыл партиясы облыстық есеп беру-қайта сайлау конференцияларын өткізуде. Партиялық құрылыс процесін аяқтау үстінде. 

Абай-ақпарат

0 пікір