Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Билік 5438 0 пікір 29 Қазан, 2015 сағат 03:00

СОЗАҚТЫҚТАР ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫ

Бүкілхалық болып тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойын Созақтықтар да ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Даталы мерейтой аясында аудан көлемінде түрлі мерекелік шаралар мен спорттық жарыстар өткізілді. Шолаққорған ауылындағы Керей мен Жәнібек ханның ескерткішінен бастау алған танымдық экспедиция ұйымдастырылды. 26 қазан күні бастау алған экспедиция құрамында жергілілікті ақын жазушылар, жастар, түрлі сала өкілдері мүшелері қамтылып, «Хан мазарына», «Ақназар» ханның ескерткішіне, сонымен қатар, Ақбикеш мұнарасына сапар шегіп, Таңбала тасқа дейін барды. Экспедияция мүшелерінің сапары 28 қазан күні қортындыланып, аудан орталығындағы мәдениет үйінде «Ұла Дала елі» атты Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға ұласты. 

Салтанатты жиында аудан өнерпаздары Қазақ хандарының қилы тағдыры мен елдің басынан өткен тарихи оқиғаларды жайлы сахналық көрініс қойды. Аудан әкімі М. Исаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап баяндама жасады. «Бүкілхалық болып тойлаған даталы жылды, аудан көлемінде атап өтіу біздің перзенттік парызымыз. Өткен ғасырлардан сыр шертетін Созақ өңірінің тарихы, оны айғақтайтын деректер жетерлік» дейді аймақ басшысы. 

Жиын барысында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген С. Теңізбаев, Б. Ізбалаев, М. Асқаров секілді бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттары иеленсе, көп балалары аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілері салтанатты жағдайда табыс етілді. Мерекелік кештің ауданның өнерлі азаматтары қамтылған коцерттік бағдарламаға ұласты.

Жалпы, Қазақ хандығының құрылуында тарихи Созақ қаласының маңызы жоғары болғаны белгілі. Қазақ хандығы – қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456 – 1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ, т.б. қалалар болды. 15-ғасырдың 50 – 60-жылдарында Орталық және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген ру-тайпалардың (Мұхаммед Хайдар Дулаттың дерегінде 200 мыңдай адам) Батыс Жетісуға қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына тікелей ұйтқы болды. Оларды Ақ Орданың билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар бастап келді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен одақ құрды. Қазақ хандарының ешкімге тәуелсіз билік құра бастаған кезеңін Мұхаммед Хайдар Дулат 1465 – 66 жылдар деп жазды. 15-ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Бұрындық хан және Қасым хан қазақ ру-тайпалары мекендеген Сарысу, Сырдария, Арал маңы, Қаратау етегінің едәуір бөлігіне үстемдік орнатты. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саяси, экономикалық жағдайы нығая түсті. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа дейін жетті, оңтүстікте хандыққа Сырдария бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды. Солтүстікте Ұлытау, оңтүстік-шығыста Қасым ханға қараған халық 1 млн. адамға жетті. Сөйтіп, 15-ғасырдың аяғында Қазақстан аумағының басым бөлігінде өмір сүретін этникалық топтардың тұңғыш рет бір мемлекетке бірігуі басталды. 

Abai.kz


0 пікір