Жұма, 18 Қазан 2019
Билік 1911 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 03:00

ОҚО ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қылмыстық қудалау органдарының қызметі белгіленген межені орындау мен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерді қолдану жағдайында сапалы жұмыс көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталды, - деп хабарлайды Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аталған Кодекстердің новеллаларын қолдану мәселелері барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен ведомстволық және мекемеаралық семинарларда бірнеше рет талқыланып, оның нәтижесімен кемшіліктерді жою мен жаңа институттарды қолдануда бірыңғай жұмыс жасау бағытында нақты ұсыныстар келтірілді.

Бұл жұмыстың нәтижесі 28.10.2015 жылы өткен ОҚО Үйлестіру Кеңесінің отырысында қаралды.

Ағымдағы жылдың басынан енгізілген қылмыстық процестің жаңа моделі қылмыстық саясатының жүйесін өзгертіп, заманауи демократиялық және құқықтық мемлекеттің сипатына сәйкестенуіне әкелді.

Жалпы, жаңа моделдің негізгі мақсаты қылмыстық процесті жеңілдету мен оның тиімділігін көтеру болып табылды.

01.01.2015 жылға дейін, қылмыс құрамының болуын анықтау үшін 2 айға дейінгі мерзімде тергеу алды тексеру амалдарын жүргізу мүмкіндігі бар еді, содан кейін тағы да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілетін.

Жаңа модель болса, қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуін және осы сәттен бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қысқа уақыт аралығында қылмыстық құқықбұзушылықтың құрамы бар-жоғы анықтауға мүмкіндік берді.

Демек, СДТБТ-ге барлық арыздардың тіркелуі, қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуінің объективті себебі деп түсіндіруге болады.

Сонымен қоса, әлемдік қоғамның заманауи тенденциясын ескере отырып, біздің мемлекет қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың ізгілендіру бағытына бет алды, оның негізгі мақсаты түрмедегі халықтың санын азайту болды.

Мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру құқықтық саясатының қорытындысы - адамды қоғам және бірінші кезекте отбасы үшін сақтау.

Мысалы, ағымдағы жылдың өзінен бастап күдіктілерге қатысты негізгі бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылуда.

Бүгінгі таңда, кепіл жалпы бұлтартпау шараларының 49,4%  құраса, өткен жылдары кепілдің үлесі жоқтың қасы болатын.

Ең бастысы, қойылған міндеттемелер орындалмаған жағдайда, кепіл күзетпен ұстауға өзгертіліп, енгізілген қаражат сомасы, не мүлкі мемлекеттің кірісіне аударылып, қылмыскерді іздеуге жұмсалады, нәтижесінде мемлекет қаржысы үнемделетіні анық.

Дегенмен, кепіл бұлтартпау шарасы ретінде аса ауыр қылмыстар, жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан, террористік және экстремисттік қылмыстарға қолданылмайтынын атап кеткен жөн.

Аумақтағы прокурорлар, пара беру, алу және онда делдалдық жасаған сотталушыларға еселенген айыппұл және бас бостандығын айырумен байланысты емес жаза тағайындау сияқты ҚК новеллаларын көбінше қолдануды соттарды бағыттауда.

Нәтижесінде, 2632 сотталғанның 518-не бас бостандығын айыру жазасы қолданылып, тек соңғы 5 жылда жазалау тәртібін 20% төмендетуге қол жеткіздік.

Медиация мен тараптардың татуласу қағидасын қолдану нәтижесімен 2964 қылмыстық сотқа дейінгі сатыда өндірісімен тоқтатылып, соттың жүктемесін азайтты, бұның өзі де бюджеттік қаражаттарды да үнемдеуге әсері етті.

Бұдан бөлек, қолданыстағы заңнамаларда келесідей новеллалар қарастырылған, олар процесс прокуроры, процестік келісім, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алу (қашықтықтан жауап алу), ҚК-де альтернативтік жазалау түрлерін көздейтін баптардың санкциялары өзгертілді, оның ішінде айыппұл қолдану және т.б.

2015 жылдың 9 айында процесс прокурор 104 қылмыстық іс бойынша айқындалды, жаңа институттың бірінші мақсаты қылмыстық істі сапалы тергеуді қамтамасыз етіп, сотта қарау кезеңіне дейін қадағалауды ұйымдастыруға бағытталған.

Кінәні мойындау нысанындағы 293 процестік келісім түзілді, бұл жаңалықты енгізу қылмыстық процесті жеделдету, тергеу мен тұлғаның қылмыстың шеңберінде болу мерзімін қысқартуға бағытталған, оның өзінде, жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның анағұрлым қатаң түрінің жартысынан асырылмауы тиіс.

Қылмыстық және Қылмыстық процестік заңнамалардың мағынасына қысқаша тоқталсақ, заң шығарушының, яғни мемлекеттің негізгі мақсаты тергеудің сапасын қамтамасыз ету, мерзімін азайту және оны жүргізуге кететін шығындарды барынша кеміту екенін айта кету қажет.

Abai.kz

0 пікір