Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 5632 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 11:19

БІР ҚАТЫНҒА – ҚОС КҮЙЕУ

Қытайдағы Цжэччзян Қаржы және экономика университетінің профессоры Си Цуоши дегеннің қытай әйелдерін көп күйеулі ету жөніндегі ұсынысы Интернет әлемінде дауыл туғызғандай болды. 

Болжам бойынша 2020 жылы Қытайда бойдақтар (оларды гуаньгунь дейді) саны 30 миллионға жетпек. Бұл 1979 жылдан жүзеге асырылып келе жатқан «Бір отбасы – бір бала» саясатының салдары. 
Қазір аспанасты елінде туған әр жүз қызға 117 ұлдан келеді. Дәулетті қытайлар болмаса кедей жігіттер қатын ала алмайды. Яғни әйел – дефицит. Әлгі Си деген бәлекет бұл проблеманы «Бір қатынға – қос күйеу» ұсынысымен шешкісі келеді екен. Ал жұрттың наразылығы сұмдық! 
Мен кейде ойлайтынмын, қытайлар соңғы жылдарда неғып Қазақстан мен Ресейге құмар боп кетті деп. Сөйтсек олардың көкейін тескен қыздар екен ғой...

Марат Тоқашбаев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір