Бейсенбі, 23 Қаңтар 2020
Билік 2416 0 пікір 1 Қараша, 2015 сағат 03:00

ШЫМКЕНТ: СЕНБІЛІКТЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент — жасыл желекті қала. Қаланың көркіне көрік қосу үшін тындырымды жұмыстар көптеп қолға алынуда. Сондықтан, бұл игілікті шараға барша қала тұрғындары атсалысуы тиіс. Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша 31 қазан күні жалпы қалалық сенбілік деп жарияланған. Әрі қажетті іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бас болып жаңа әкімшілік іскерлік орталығы аумағына ағаш отырғызды, деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша 31 қазан күні жалпы қалалық сенбілік деп жарияланған. Әрі қажетті іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бас болып жаңа әкімшілік іскерлік орталығы аумағына ағаш отырғызды. Сенбілік шараға қала әкімдігінің 14 құрылымдық бөлімдері, 46 облыстық басқармалар мен аумақтық мекемелер, жоғары оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары қатысты.    

Облыс әкімінің басшылығымен әкімшілік іскерлік орталығында түрлі-түсті қылқанды, декоративті және жай жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтар болсақ, 216 түп бозарша, 181 түп қарағай, 31 түп каштан, 216 түп емен, 78 түп алша писарда, 78 түп акация егілді. Айта кетерлігі, биыл күзгі ағаш отырғызу маусымында қала аумағында 31 мың түп көшет отырғызу жоспарланған. Қазірге дейін 5 мыңнан астам көшет жерсіндірілді. Аталған жұмыстарға 4 аудан әкімшілігі және коммуналдық мекемелер жұмылдырылған.    
Қала тазалығына мән беріліп, нәтижесінде орталық 59 көшеде, саябақтар мен гүлзар-ларда кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Жұмыс барысында 26 дана арнайы техника жиналған қоқыстарды қоқыс орнына жеткізу үшін пайдаланылды. Қаланың таза да көрікті болуы үшін мұндай жалпы қалалық сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Abai.kz

0 пікір