Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3582 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 07:19

1 маусымда 7-14 жастағы балалар Алматы қоғамдық көліктерінде тегін жүреді

Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ - 1 маусымда 7-14 жастағы балалар Алматы қоғамдық көліктерінде тегін жүреді, деп қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балаларды қорғау Халықаралық күні Алматыда әр түрлі қызық шаралармен аталып өтіледі.

«Балаларды қорғау Халықаралық күніне арналған мереке «Біз сенің балаларыңбыз - Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз» деген ұранмен бастау алады», - деп баспасөз қызметі хабарлады. 

Сағат 10-да Орталық саябақта Алматы әкімдігі ұймдастырған мереке басталады. Онда қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысады.

Ұйымдастырушылар мерекелік шараны саябақ қақпасынан балалар шеруін «Жазғы эстрада» алаңына дейін апарып, онда «Балғын балалық шақ» атты дәстүрлі балалар шығармашылық фестивалімен ашпақшы.

Фестиваль аясында Алматы әкімшілігінің, Алматының балалар құқығын қорғау департаменті, Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор мен «Бозторғай» қоғамдық қорының, Алматы әкімдігінің жанындағы әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия қолдауымен өткізілген «Мейірім» іріктеу конкурсынан өткен жеңімпаздардың гала-концерті болады.

Мереке қонақтарының алдында мемлекеттік қуыршақ театрының әртістері концерт қояды. «Азиада -2011», «Балалар еңбегіне STOP» атты тақырыптағы балалардың асфальтқа салған суреттерінің конкурсы өтеді. Ә. Қастеев атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары көрермендер алдында жаңа шығармашылық жұмыстарын көрсетеді.

Салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жас өспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында спорт алаңдарында «Қазақстан балалары спортты таңдайды» атты жаппай спорттық мереке өткізіледі. Мерек аясында «Азиада балалар мен ата-аналардың көзімен» атты отбасылық эстафета, мектепке дейінгі мекеме балаларының арасындағы «Ер төстік» спартакиадасы, спорттық мектеп түлектерінің жарысы, аула клубтарының баскетболдан жарысы,  street - болдан, брейк - дансингтен т.б. жарыстары өтеді.

Қаланың 7 ауданында балалардың қатысуымен мерекелік жаппай мәдени және спорттық шаралары, балалар үйінің балалары, интернаттың, жетім-балалар үйінің, көп балалы, тұрмысы төмен отбасының балалары үшін қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.  

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күні мерекеге қатысушылар спонсорлардан тегін балмұздақ пен салқын сусын алады. Қала кинотеатрларында қалайтындарға деректі, көркем, мультипликациялық фильмдер көрсетілетін болады. Балалар үйі мен интернат мекемелерінің, әлеуметтік қорғалмаған отбасының балалары қала хайуанаттар бағындағы, Қазақ мемлекеттік циркіндегі, «Қиял әлемі «Айя», «Family», «Babylon» отбасылық сауық орталығы (ССК «МЕГА»),  «Fanky town» (ССК «АПОРТ»), «АҚ-БОТА» ЖШС, «ЕРКЕ» ЖШС т.б. сауық кешендерінде өтетін қайырымдылық мерекесіне қатысады.

0 пікір