Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Билік 4727 3 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 03:00

ОҚО: Мемлекеттен үй алудың үш жолы

Ресми мәліметке сүйенсек, Шымкентте 103 көпқабатты тұрғын үйдің (5351 пәтер) құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал, осы пәтерлерге кімдер ие бола алады? Сондай-ақ, коммуналдық арендалық тұрғын үйлермен кімдер қамтамасыз етіледі?

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымындағы №728 қаулысымен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламада Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында сөз болған тұрғын үй сату шарттарымен толықтырылып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Бағдарлама шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделген:

1. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй. Арендалық тұрғын үймен — ҰОС ардагерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, мемлекеттік қызметші, бюджеттік мекеме және әскери қызметшілер, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар қамтамасыз етіледі. Бұл тізімдегі азаматтардың ішінен ҰОС ардагерлері мен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бірінші кезекте ие болады. Қалған азаматтар кезек ретімен қамтылады.

2. ҚТҮҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй. Мұнда халықтың барлық санаттары үшін яғни банк салымшыларын тұрғын үймен қамту. Жас отбасылар – жас жұбайлардың жасы 29 аспаған, 2 жыл некеде тұрған және төлем қабілеттігінің болуы.

3. «ҚИҚ» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі. Жалға беру шарттары: 1. Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі – 20 жыл. 2. Жалға алушының табысы жеткіліксіз болған жағдайда кепіл берушілерді тарту мүмкіндігі. Бұған жергілікті атқарушы органда кезекте тіркелген келесі санаттарға жататын азаматтар ғана қатыса алады: көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар; мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; мемлекеттік, әскери, арнаулы мемлекеттік орган, бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Кезекте тұрғандар бар

Бүгінге дейін Шымкент қаласында бағдарлама талаптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тізіміне 18 902 азамат тіркеліпті. Оның ішінде, 3-еуі Ұлы Отан соғысының ардагері, 1401-і жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ санатына 7380 азамат, әскери және бюджет қызметкерлері санаты бойынша 10097 адам пәтер кезегінде тұр. Ал, жалғыз үйі апатты жағдайда деп танылған 21 азамат бар.

Баспаналы болғандар

Былтыр Шымкентте «Нұрсәт» шағынауданында 144 пәтерлі 9 қабатты екі коммуналды үй пайдалануға берілді. Ондағы бір бөлмелі пәтер кілті 12 ҰОС ардагеріне, 132 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға берілген болатын. Ал, биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдық қарсаңында 12 ардагерге пәтер кілті табыс етілді. Жыл соңына дейін құрылысы жүріп жатқан бірнеше үй пайдалануға берілген жағдайда кезекте тұрған 2024 азамат пәтерлі болады деп күтілуде.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банк» арқылы, бірінші жүйесінде былтыр 35 салымшы пәтерлі болса, биыл 123 тұрғын пәтер кілтіне ие болды. Жыл соңына дейін бір тұрғын үй пайдалануға берілсе 54 пәтер өз иесін таппақ.

Екінші жүйесі бойынша былтыр екі үйдің құрылысы аяқталып 84 пәтердің кілті табыс етілсе, биыл 5 үй пайдалануға беріліп, 270 азамат пәтерлі болып отыр. Қазіргі таңда тағы екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы оған 216 тұрғын ие болмақ.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты — «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ның тұрғын үйлерін кезекте тұрған азаматтарға беру мақсатында 1080 пәтер пайдалануға тапсырылып, төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға беріліп жатыр. Бұдан бөлек, 492 пәтер берілу жоспарлануда.

Айтпақшы, Шымкент қалалық тұрғын-үй секторының меңгерушісі Гүлнәр Әшірбаеваның айтуынша, тұрғын үй мәселесіне қатысты алданып қалған азаматтар көбейген. Сол себепті, қала тұрғындарына үй мәселесіне қатысты барлық сауалды білу үшін көшеде жүрген алаяқтарға сенбей, тікелей мекемеге келіп, мамандардан ақыл-кеңес алуы керектігін айтты.

Жансая Сыдықбай

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511