Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3639 0 пікір 1 Маусым, 2010 сағат 07:17

Талғарда еліміздің футболдан оқу-жаттығу базасы ашылды

Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ - Талғарда еліміздің футболдан оқу-жаттығу базасы ашылды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Жобаны Қазақстан футбол федерациясы УЕФА мен ФИФА қолдауымен жүзеге асырды. База құрылысына кеткен шығын 5 млн еуро болды.

«Бұл тамаша базада елдің тек ересек құрамасы ғана жаттықпай, барлық жастағы ұлттық құрама командалары жаттыға алады. Мұнда біздің футболшылар өз шеберлігін шыңдауға қажет барлық жағдай жасалған», - деді базаның ашылуында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.

Оқу-жаттығу базасында жасанды алаң, жайлы номерлері бар тұрғын үй кешені, асхана, бассейн, демалыс бөлмесі, жаттығу залы бар.

Одан басқа жақында табиғи шөп жамылғысы бар екі алаң пайдалануға тапсырылады. 

Еске сала кетсек, 2004 жылы қарашада жаңа база іргетасын ФИФА президенті Йозеф Блаттер қалаған болатын.

0 пікір