Жұма, 28 Ақпан 2020
Жаңалықтар 2054 0 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 10:51

УКРАИНА ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ РҰҚСАТ БЕРДІ

Украина президенті Петр Порошенко шетел азаматтарына Украинаның қарулы күштерінде қызмет етуге рұқсат беретін заңға қол қойды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда "Осылайша Украинаның қарулы күштерінің жауынгерлік қабылетін арттыруға болады. Мемлекет бірнеше мыңдаған қабылет-қарымдары жоғары жауынгерлерге қол жеткізетін болады" делінген.

Сонымен бірге бұл ақпаратта көрсетілгендей, шетел азаматтарын әскери қызметке тарту арқылы Украина азаматтарын әскерге шақыру саны азайтылады екен. 

6 қазанда Жоғарғы Рада Украина қарулы күштеріне шетел азаматтарының қызмет етуіне рұқсат еткен болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір