Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3670 0 пікір 4 Қараша, 2015 сағат 10:55

РЕСЕЙ МЕН АҚШ ӘСКЕРИ СЫНАҚ ӨТКІЗДІ

АҚШ пен Ресей жойғыштары жаңа қауіпсіздік қарарын сынақтан өткізу үшін Сирияның әуе кеңістігінде бір-бірлерінен сегіз километр қашықтықта ұшып өтті. Бұл келісім екі мемлекеттің ВВС арасында қақтығыс болмас үшін жасалған.

Вашингтон Башар Асад билігіне қолдау көрсету мақсатында 30 қыркүйектен бері әуе соққысын бастаған Кремльді қатаң сынға алып келеді.

Пентагонның хабарлауынша, бұл сынақ тек үш минөтке созылған. Ал Ресей болса, мұны бірлескен әскери жаттығу деп атады. Вашингтон екі мемлекет арасындағы сынақты арнайы операция деп атаған дұрыс емес дейді. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір