Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5011 0 пікір 6 Қараша, 2015 сағат 10:39

ОРЫСТАР СИРИЯДА ОЙЫНДАҒЫСЫН ІСТЕП ЖАТҚАНЫН АШЫҚ АЙТТЫ

Ресей армиясы әскери-ғарыштық күштерінің қолбасшысы Виктор Бондарев Ресейдің Сирияға зениттік зымыран кешендерін жеткізгенін растап, енді ойындағысын істеуге кірскенін айтты. 5 қарашада "Комсомольская правда" басылымында жарияланған сұхбатта Бондарев артиллерияны "барлық ықтимал қауіп-қатерге жауап беру" үшін жөнелттік деді.

Ол мысал ретінде "Сирияға көрші елде әскери ұшақтарды айдап әкетіп, Ресей әскеріне қарсы пайдалануы мүмкін" екенін келтірген. Бірақ Бондарев Сирияға нақты қандай зымырандардың орналастырылғаны туралы жақ ашпады, "Комсомолдың" тілшісі де оны тықақтап сұрамаған сияқты.

Бондаревтің сөзінше, Сирияда Ресейдің 50-ден астам әскери ұшағы мен тікұшағы бар.

Кеше АҚШ мемлекеттік департаментінің Еуразия және Еуропа істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд Ресей Сирияның Хомс пен Хама қалалары маңындағы соғыс қимылдары жүріп жатқан аудандарға ауыр артиллерия мен құрлықтағы әскерін орналастырды деп мәлімдеген.

Мәскеу қыркүйектің соңында Сирияда әуе шабуылдарын "террористердің көзін жою" үшін бастағанын айтады. Бірақ АҚШ пен оның одақтастары Ресей әскери операцияны Сирия президенті Башар Асадты күшейту үшін бастады дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір