Жұма, 19 Сәуір 2024
Қоғам 5969 0 пікір 8 Қараша, 2015 сағат 15:46

КӘСІПҚОЙ БОКСТІҢ ҚАҒАНЫ - ҚАНАТ ЖЕҢДІ!

30 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мәнсабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді сүйінші хабар таратты alaman.kz сайты.

Қанаттың бұл жолғы қарсыласы Доминикан Республикасының 31 жастағы боксшысы Джонатан Батиста болды. АҚШ-та өткен алғашқы орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта-ақ өз мәресіне жетті. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаудқа түсірді.

Осылайша, кәсіпқой бокстің қағаны - Қанат Ислам бауырымыз 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал 23 жекпе-жек өткізіп үлгерген Джонатан Батиста 8-ші жеңілістің ащы дәмін татты.

Abai.kz

0 пікір