Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5070 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:42

Дүйсенбі күні Алматыға батыстан соққан желмен бірге жауын келеді, Астанада күн жауын-шашынсыз болады – ТЖМ

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ - Дүйсенбі, 31 мамырда синоптиктер Астанада күн жауын-шашынсыз болып, Алматыда күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады деп болжайды, деп хабарлайды ТЖМ.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Солтүстік-батыстан секундына 9-14, түнде кейде 18 метр жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18°С.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, күндіз күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады. Батыстан секундына 2-7, кейде 12 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы +24+26 °С.

Дүйсенбі күні таңғы сағат алтыда ең суық ауа райы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді +3 градус, Астане және Қостанай облысында +5 градус, Ақтөбе облысында +8, осы уақытта Қызылорда облысында +25 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында +20, Алматы және Атырау облыстарында +18 градус болды.

0 пікір