Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5180 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:37

Ақтөбегі тергеу оқшаулағышынан үш рет сотты болған қылмыскер қашып кетті – дереккөз

Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ - Өткен жексенбіде Атқбе облысының әкімшілік орталығында орналасқан КА-168/7 мекемесінен (тергеу оқшаулағышы) бірқатар қылмыстар үшін үш рет сотталған қылмыскер қашып кетті. Бұл туралы агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Белгілі болғанында 23 жастағы азамат - Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласының тұрғыны - ҚР әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне (ҚАЖК) жататын ақтөбелік ТО-дан сағат 15 пен 16-ның аралығында қашып кеткен.

Нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, тәртіптік мекемедегі ТЖ ТО басшылығы шаруашылық ауланың аумағын қамаудағылардың көмегімен абаттандырмақ болғанда орын алған. Бұған ведомстволық нұқсамалар тыйым салады, дейді дереккөз.

ҚАЖК өкілдері қылмыскердің ТО-ның шкі және сыртқы бекеттерінен еш кедергісіз қалай өтіп, бостандыққа қалай шыға алғанын түсіндіре алмады.

Комитет өкілдерінің айтуынша, Ақтөбеде болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ҚАЖК арнайы комиссиясы аттанды.

Олар Ақтөбе қалалық ІІБ Сазды полиция бөлімі ұрлық, алаяқтық және көлік ұрлау оқиғалары бойынша күдікті ретінде қылмыстық іс тергеп жатқан қылмыскер іздеуге жарияланғанын хабарлады.

0 пікір