Дүйсенбі, 21 Қазан 2019
Жаңалықтар 2239 0 пікір 26 Қараша, 2015 сағат 10:47

ПУТИН МЕН ОЛЛАНД АРАСЫНДА КЕЛІССӨЗ ЖҮРЕДІ

Мәскеуде бейсенбі күні Ресей мен Франция президенттері Владимир Путин мен Франсуа Олланд кездеседі.

Осы аптада Олланд әлемдегі жетекші елдердің лидерлерімен Париждегі терактіні мойындарына алған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы әрекет етуде қолдау алу үшін кездесулер жүргізіп жатыр.

25 қарашада Парижде Франсуа Олланд Германия канцлері Ангела Меркельмен келісті. Ол Францияға терроризммен күресте қолдарынан келген бар мүмкіндіктерімен көмектесеміз деп уәде етті.

Осы аптада Олланд аталған мәселе бойынша Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен және АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті. Жақын күндері Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен кездеседі.

13 қарашада Парижде болған терактіден 130 адам қайтыс болып, 350-ден астам адам жараланды.

Абай-ақпарат

0 пікір