Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 21351 0 пікір 26 Қараша, 2015 сағат 14:01

РЕСЕЙ МЕН ТҮРКИЯ ЖАНЖАЛЫ: ӘЛЕМДІК БАҚ НЕ ДЕЙДІ?


Әлемдік сарапшылар ресейлік СУ-24 бомбалаушы ұшағы түрік әуе кеңістігіне кіріп кетіп, оны атып түсіргеннен кейінгі басталған мемлекетаралық жанжалдың соңы әлемді жаңа соғысқа итермелеп отырғанын айтады. Рас, Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық қатынастар қай деңгейде екенін айтып жатудың өзі  артық. Ал Қазақстан тәуеліздігін ең бірінші болып мойындаған, мойындап қана қоймай, әлемге ақсарбас айтып, сүйінші  сұраған Түркия (ол кездегі Президент Тұрғыт Озал) үшін Орталық Азияда Қазақстанның орны бөлек. Тіпті, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «күллі түркі жұртының ақсақалы, көсемі» деп әспеттеп, оған құрмет көрсетуді Ердоған да ерсі көрмейді.

Жә, мәселеге қайта оралайық, ескі һәм жаңа одақтасы Ресей мен бауырлас ел Түркия арасындағы жанжал Қазақстан үшін ауыр сын болары сөзсіз. Бұл жерде Президент Назарбаев таңдау жасауға мәжбүр.

Сонымен Ресей мен Түркия арасындағы болуы ықтимал соғыс туралы әлемдік БАҚ не жазды?

Қазақстандық «Азаттық» сайтының жазуынша,бұл жанжалға қатысты әр тараптың өз уәждері бар. Ресей әуе күштерінің дерегінше, Сирияның оңтүстігіне қарай бағыт алған ұшақ Түркия аумағына кірмеген. Түрік ұшақтары оны өз шекараларынан 4 шақырым жерде атып түсіріпті

(http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_and_central_asia_russia_vs_turkey/27387507.html)

“Түріктер тарапы ұшқыштармен ешқандай байланыс орнатпаған. Қайта, Түркия әуе күштерінің Сирия әуе кеңістігі қауіпсіздігін бұзғаны анықталды. Осыған байланысты, Ресей әуе базасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдаймыз”, – дейді Ресей Әуе күштері Бас штабының басқарма бастығы Сергей Рудской.

Ал Түркия өз әуе кеңістігіне бомбалаушы ұшақтың рұқсатсыз кіргенін дәлелдеп жатыр. Ресми Анкара ресейлік ұшаққа алдын ала он рет ескерту жасалғанын кеше айтқан болатын. Бүгін жергілікті ақпарат құралдары сол аудиожазбаны жарыса жариялады. Ескерту еленбеген соң ғана ұшақ нысанаға алыныпты.

“Жан-жағымыз от пен оққа оранып тұрған шақта, ел қауіпсіздігігін қамтамасыз ету үшін кез-келген қадамға барамыз. Әуе кеңістігімізге баса-көктеп кірген ұшаққа қатысты әскерилердің қимылын осы қырынан түсіну керек”, – деді Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы.

Ал қазақстандық тағы бір интернет басылым – «informburo.kz» ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-ЖомартТоқаевтың пікірін жариялаған. Онда Сенат төрағасы «Түркия ҚК Ресей ұшағына негізсіз шабуыл жасады» деген пікір білдірген (http://informburo.kz/).

Түркиялық басылымдар кешелі бері Ресей мен Түркия арасындағы қақтығыстар туралы жазуда. Мысалы оппазициялақ «FoxTV» (http://www.fox.com.tr/canli-yayin) телеарнасы мен мемлекеттік «ATV» (http://www.atv.com.tr/webtv/canli-yayin) арналары Түркия  қарулы күштері барлық халықаралық талаптарға сәйкес әрекет етті дейді.

Түркияның мемлекеттік «TRT Haber» (http://www.trt.net.tr/anasayfa/canli.aspx?k=trthaber&y=tv)  арнасы да ресейлік ұшқыштарға  5 минуттың ішінде 10 ескерту жасалғанын айтады. Түркия қарулы күштері тарапынан жасалған ескертулерді елемеген соң, ТР Әуе қорғаныс күштері РФ Әуе күштерінің ұшқыштарын атып түсірген.

Ал «CNN Turk»( http://www.cnnturk.com/)  арнасының жаңалықтар қызметі екі мемлекеттің басшыларына фокус жасайды. Түркия премьері Ахмет Дәуітоғлу РФ ұшағы Түркияның территориясына өтіп кеткен десе, Ресей Президенті Путиннің уәжі мүлде бөлек. Ол ешқандай халықаралық  шекара бұзушылықтың болмағанын алға тартады. Тіпті, Путин «Ресей әлемдік терроризммен күрес жүргізіп жатқанда, Түркияның біздің ұшақты атып түсіруі, арқаға келіп пышақ сұққанмен бірдей болды» деп Ердоғанды терроризмді  қолдаушы деп айыптап отыр.

Ал түркиялық «Hurriyet»( http://www.hurriyet.com.tr/)  газеті оқиғаны «Үлкен дағдарыс» деп көрсетіп, жанжалдардың соңы екі ел үшінде экономикалық дағдарысқа алып келетінін жазады.

Ал тағы бір түркиялық  «HaberTurk» (http://www.haberturk.com/) басылымы бүгін «Шыдамның да шегі бар» деген тақырыппен, көлемді мақала жариялаған. Онда Ресей қарулы күштерінің Түркия шекарасын  бірнеше мәрте бұзғандығы туралы айтылады. Мемлекеттік «Aksam» ( http://www.aksam.com.tr/guncel/erdogan-ve-putin-arasinda-ilk-temas-pariste/haber-465204)  газеті де дәл осындай бағытты ұстанған мақалалар легін жариялаған.

Bugun  басылымы Ресей Президентін «Халықаралық жанжалды қоздырушы» деп айыптайды. Сондай-ақ, оппазициялық  «Cumhuriyet»  (http://www.cumhuriyet.com.tr/) басылымы  «Ресей мен Түкрия үлкен соғыстың алдында тұр» деп есептейді.

Мемлекеттік «Gunes», исламистік «Yeni Safak» және «Yeni Akit» , тәуелсіз «Star» және  «Posta» басылымдары  Түркия Ресей ұшағын атып түсіруге әбден құқылы екендігін жазады. Түркиялық басылымдардың жазуынша, Ресей осыған дейін 9  рет Түкрия аумағына заңсыз кіріп кеткен (http://www.bbc.com/russian/international/2015/11/151125_turkish_press_review_su24?ocid=socialflow_facebook) .

Ал ресейлік БАҚ өз кезегінде Түркия қарулы күштерінің һәм Президент Ердоғанның әрекеттерін ашық соғысқа үндеу деп қабылдаған.

«Mk.ru» басылымы Ресей Думасының депутаты, экс-әскери шенеунік Владимир Комоедовтың пікірін жариялаған. Онда РФ Теңіз қарулы күштерінің қазіргі деңгейі мен қуаттылығы  Түркиямен салыстырғанда 5 есеге төмен. Оның үстіне, Қара және Балтық теңіздеріндегі НАТО әскери флоттары  Ресейдікінен 20 есеге көп. Тек қана Түркияның теңіздегі  қарулы күштері  Ресейдің Украинамен бірлескендегі теңіз флоттарынан 4,7 есеге артық.

Комоедовтың айтуынша, Балтық теңізіндегі Ресейдің бір ғана суасты кемесіне – 24 неміс, 6 дат, 4 швед және 2 поляк суасты кемесі бар.  Егер мұндай күшті салыстырып қарасаңыз – бұл Түркия тарапының абсолютті басымдыққа ие болуы деген сөз (http://www.mk.ru/politics/2011/11/10/641804-turetskiy-flot-pochti-v-5-raz-silnee-flota-rossii.html).

РИА Новости мен Anadolu ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «Звезда» телерадио агенттігі «Түркия билігі Сирия шекарасына танкілерін жеткізді» деп жазады (http://tvzvezda.ru/news/vstrane_i_mire/content/201511251525-hkp5.htm).\

Аталмыш жанжалдарға қатысты әзірбайжандық БАҚ-та үніз қалмаған. Әзірбайжандық daytube.az таратқан видеода ресейлік ұшқыштардың Түркия тарапынан жасалған ескертулерге жауап бермегенін анық байқауға болады. FOX Haber арнасына жаңалықтар қызметінің ақпараттарында аталмыш инцидиенттің қалай өрбігенін көреткен (http://daytube.az/videos/8574/).

Сонымен қатар, әзірбайжандық «baku.ws» сайты Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның мұсылман мемлекеттерінің бірлескен фронтын құру туралы үндеуін жариялаған (http://baku.ws/65576-erdogan-prizval-sozdat-edinyy-front-musulmanskih-stran.html).

Ал британиялық BBC агенттігінің хабарлауынша, кеше мәскеулік белсенділер Түркия елшілігінің алдында наразылық шарасын өткізіп, Ростовск көшесіндегі елшілік ғимаратына тас лақтырып, ғимаратты қиратуға әрекеттенген (http://www.bbc.com/russian/news/2015/11/151125_russia_turkey_embassy_protest?ocid=socialflow_facebook).

Түйін: Егер Ресеймен Түркия арасындағы қақтығыстар ушығып кететін болса, мұның соңы үлкен соғысқа ұласатыны түсінікті. Қазірдің өзінде екі тарап та әскери дайындықтарын бастап кеткен. Ресей  өз қауқарын таныту үшін Сириядағы әскери ұшақтарын көбейтіп, ендігі жауаптың зымыранмен қайтарылатынын ескертуде. Ал Түркия Сирия шекарасы маңына әскери техникаларын жеткізуде. Екі елдің текетіресі аймақта үлкен қақтығысқа ұласуы мүмкін деген де болжамдар да жоқ емес. Ендеше бұл соғыста  Қазақстанның рөлі қандай болмақ?

Түркиядағы қандасымыз, ғалым Әбдіуақап Қара мырза өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Егер жанжалдың ақыры үлкен соғысқа ұласып кететін болса, екі мемлекет те айтарлықтай шығынға ұшырайды. Ешкімге пайдасыз соғыс бұл. Осы тұста екі мемлекетпен де өте жақын қарым-қатынаста болып отырған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен дипломатиялық тәжірбиесі екі елді татуластыруда үлкен рөл ойнайды» деп жазыпты.

Рас, Қазақстан Президенті Нұрұлтан Назарбаевтың дипломатиялық рөлі мен тәжірбиесін осыған дейін бірнеше мәрте байқаған болатынбыз. Ал Ресей мен Түркия арасындағы жанжалды тоқтатуға Қазақстанның қауқары жете ме?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596