Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 5576 0 пікір 27 Қараша, 2015 сағат 16:18

«ҚАЗАҚ ДАУЫСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІНЕ КЕЛІҢІЗ!

2015 жылғы 11 желтоқсан күні Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық «Қазақ дауысы» ән байқауының Гала-концерті өтеді. Гала-концертке байқаудың төрт кезеңінде 220 үміткердің ішінен іріктелген 14 жас өнерпаз жолдама алып отыр. Үміткерлер қатарында Қытай, Моңғолиядан арнайы келген өнерлі қандастарымыз да бар.

Байқау шарты бойынша қатысушылар жанды дауыста ән шырқайды.

Қатысушылардың өнеріне Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Алтынай Жорабаева, Мөлдір Әуелбекова, Ұшқын Жамалбек бастаған қазылар алқасы баға береді. Шын үздікті анықтауда «Қамшы» порталы арқылы берілген тыңдаушылар даусы да ескерілетін болады.

Кеште өнер көрсететін қонақтар: Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкімәнов, Алашұлы тобы, Төреғали Төреәлі, Тұран тобы, Гаухартас, "Дүр қамшыны" шырқаған Әсет Есжан мен Олжас Абай, әсем дауысымен Еуропаны таңғалдырған жас жұлдыз Еркебұлан Елшатқызы, т.б. 

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болады. 

Сонымен, Гала-концерт 11 желтоқсан күні Студенттер сарайында сағат 19.00-де басталады.

Келіңіздер, көріңіздер! Жасандылықтан ада, шынайы өнерге қолдаушы болыңыздар!

Қосымша аққпаратты төмендегі телефондар арқылы алуға болады: 8 707 862 44 66         8 708 226 99 91

Abai.kz

 

0 пікір