Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4323 0 пікір 29 Қараша, 2015 сағат 13:38

ХЮЬСТОН: АУЫР АТЛЕТТЕР КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ ҮШІНШІ ОРЫНДА

Бүгін Хьюстонда (АҚШ) өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Қазақстан құрамасы бұл додада екі алтын, екі күміс және бір қола медальды (2-2-1) еншілеп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды жеңіп алды. Бірінші орында Қытай(6-4-0), ал екінші орында Ресей (3-3-3) тұр.

Естеріңізге сала кетейік, әуелі 77 келіге дейінгі салмақта Нижат Рахимов көк байрағымызды биіктен желбіретіп, алтыннан алқа таққан еді. Екінші алтынды кеше 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Александр Зайчиков ел қоржынына салды.

Сондай-ақ, ерлер арасында 94 келіге дейінгі салмақта Алмас Өтешев пен әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл күміс медальды еншілесе, 94 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған. 

abai.kz

0 пікір