Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4275 0 пікір 29 Қараша, 2015 сағат 13:55

РЕСЕЙГЕ ЕСІРТКІ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

 

Қазақстан мен Ресей Федерациясы  шекарасында орналасқан «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Ресей территориясына есірткі алып өтпек болған азаматты құрықтаған. Бұл туралы abai.kz порталы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып хабарлайды.

Оқиға 27-қараша күні 14:40-та  мин шамасында Қазақстан мен Ресей Федерациясы  шекарасында орналасқан «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінде болған. Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, есірткі алып өтпек болған Қазақстан азаматы.

Күдіктінің жеке мәліметтері де анықталған. Ол 1980-жылы туған ҚР азаматы Иваненко Матвей.

 «ВАЗ» автокөлігімен Ресей аумағына өтіп бара жатқан Қазақстан азаматына тінту жүргізген шекарашылар күдікті Иваненко шалбарының 50гр марихуана алып өтпек болғандығын анықтаған.

Аталған деректер бойынша материалдар Қостанай облысының Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

 

0 пікір