Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4591 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

КӨЛІК КӨП, КӨЛДЕНЕҢ МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС

Бүгінде Шымкенттің тыныс-тіршілігін көліксіз көзге елестету мүмкін емес. Қала тұрғындарының көбісі қоғамдық көлікті пайдаланады. Ал қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты  мәселе жиі қозғалатын тақырыптың бірі. Бұл ретте тасымал барысындағы кемшіліктер, автобус жүргізушісі жұмысындағы тәртіп бұзушылықтар жиі айтылады. Болашақ мегаполис үшін көлік жүйесінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағынан тиімділігі мен маңызы ерекше. Осы орайда олардың қызметі қандай? Жұмысына жолаушылардың  көңілі тола ма?

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен қалалық жол патрульдік полиция полкінің инсректорлары бірге қоғамдық көліктерге рейд ұйымдастыруда. Кешкі рейд «Авто-Нұр» базарының аялдамасында жүргізілді. Алдымен жол сақшылары жүргізушілердің құжаттарын егжей-тегжейлі тексерді.

Нәтижесінде №135, 52, 3, 103, 91 бағыттарына қатынайтын автобустардың жұмысы талапқа сай келмейтіні анықталды. Арнайы формалары жоқ, жолаушыларға билет таратылмаған. Кейбір көліктерде жолаушылар шамадан тыс көп болып шықты.

– Сөз жоқ, қала мәдениеті автобустардан бастау алатыны белгілі. Ал автобустарға белгіленген орыннан артық адам алуға болмайды. Заң да, тәртіп те – бәріне бірдей. Талаптарды сақтамаған жүргізушілер мен кондукторларға ескерту бердік. Қоғамдық көлік саласында қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында рейдтік шаралар аптасына екі рет жүргізілуде, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасаы Жарқын Байдуллаев.

Жалпы алғанда қоғамдық көлік мәселесінде атқарылуы тиіс келелі шаралар жеткілікті. Қоғамдық көлік жүргізушілердің мәдениетін арттыру мен олардың жол ережелерін сақтау мәселесін жіті қадағалау қажет. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін сақтау жайы да назардан тыс қалмауы тиі.

Рейд кезінде 5 автобус жүргізушісіне ескерту беріліп, №38 микроавтобустың иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594