Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4084 0 пікір 23 Маусым, 2015 сағат 17:30

ҚАЗАНДА НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛУІ МҮМКІН

Татарстан Республикасы "Қазақстан" Ұлттық-мәдени автономиясы Қазан қаласындағы көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы мәселе көтерді, - деп хабарлайды   "Татар-информ"-ға сілтеме жасап tengrinews.kz.

ТР Қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясы төрағасы Сағит Жақсыбаев осы мазмұндағы хатты Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшинге жолдаған. Онда, "Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулықты дамытуға үлесін қосты. Экономика, мәдениет, білім беру салалары бойынша республикалық қана емес, аймақтық қарым-қатынас та орнады. Біз бұл қарым-қатынастың тарихи маңызы бар деп білеміз. (...) Қазан қаласынан Назарбаевтың атына көше беру бауырлас елдер арасындағы байланысты ары қарай дамытады", - дейді Жақсыбаев.

Қазан топонимика бойынша муниципалды білім беру басшылығы бұл ұсынысты қараған. Соңғы шешімді Қазан атқару комитеті қабылдамақ.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3622