Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4259 0 пікір 24 Маусым, 2015 сағат 17:59

А.АТАМБАЕВ: НАЗАРБАЕВ - ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ БІРІ

Бүгін, Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевқа 5 елдің дипломаттары сенім грамотасын табыстады.

Zakon.kz сайтының жазуынша, Қырғыз басшысына грамтота табыстаған дипломаттар: Қырғызстандағы Англия елшісі Робин Орд-Смит, Қазақстан елшісі Бозжігітов Айымдос, Корея елшісі Джон Бенг Ху, Малай елшісі Норъайни бинти Абдул Хамид және Вьетнам елшісі Фам Ван Фао.

Дипломаттардан сенім грамотасын алған Атамбаев әрбір елшіге жеке-жеке тоқталып алғысын білдірген. Ол Қазақстан елшісіне:

«Бауырлас Қазақстанмен стратегиялық әріптестігіміз жаңа деңгейге көтерілді. Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылып жатқаны бұның дәлелі. Осы ретте бізге ерекше қолдау көрсеткені үшін Мен, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлына айрықша алғыс білдіргім келеді. Біз құрметті ақсақалдан ылғи да көмек алып келеміз. Кейбіреулерге ұнамайтын болса да қайталап айтқым келеді, Назарбаев Қазақстанның ғана көшбасшысы емес, ол осы ғаламшарда бейбітшілік орнатуда қайраткерлік көрсетіп келе жатқан әлемдік көшбасшы.», - деген.

Абай-ақпарат

0 пікір