Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4763 0 пікір 26 Маусым, 2015 сағат 05:22

«Нұрлы жол» аясында Атырауда 135 пәтер пайдалануға берілді


 

Атырау қаласында тұратын 135 отбасы бүгін жаңа пәтерлердің кілтін алды. «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі  жүргізіп отырған «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Алмагүл ықшамауданында көп пәтерлі 3 үй пайдалануға берілді.  

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы – 9 682 шаршы метр. Бұл – жалпы құны 1 080 млн.теңге (оның 110 млн теңгесі ҚР Ұлттық қорынан бөлінген) болатын 30, 45 және 60 пәтерлі үйлер. 20 бір бөлмелі, 45 екі бөлмелі және 70 үш бөлмелі пәтерлер ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен бағдарламаға қатысушыларға берілді. Бір шаршы метрінің бағасы – 111 502 теңге. 

Биылғы жылдың аяғына дейін ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен тағы да жалпы құны 1 819 млн. теңге, ауданы 16,2 мың шаршы метр болатын 334 пәтерді және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағытымен 90 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бүгінде жалпы құны 733 млн. теңге, ауданы 8,3 мың шаршы метр болатын, 120 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың қалың жігін тұрғын үймен қамтамасыз етуде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жоспарлы түрде жасап келеді.  

 

Абай-ақпарат

0 пікір