Бейсенбі, 17 Қазан 2019
Жаңалықтар 2837 0 пікір 26 Маусым, 2015 сағат 16:09

НАЗАРБАЕВ ӨЗ ҚОЛЫМЕН ХАТҚА ЖАУАП ЖАЗДЫ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ жанармай құю машинисі Галина Михнованың жазған хатына өзі жауап берген. Бұл туралы Nur.kz қала әкімінің баспасөз хатшысы Жазира Сыздықоваға сілтеме жасап жауап хабарлады.

Галина Михнова хатында  өзі жайлы айта келе, мемлекет басшысын кезектен тыс Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен, сондай-ақ алда келе жатқан туған күнімен құттықтады.

«Мен Қазақстанда туып-өскеніме, осы жерде тұрып жатқаныма өзімді бақытты санаймын. Екібастұз МАЭС-інде жанармай құю машинисі болып жұмыс істегеніме 20 жылдан асты. Сіз көптеген жылдар бойы біздің президентіміз болып келе жатқаныңызды мақтан тұтамын. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз», — деп жаза келе, Михнова президентке өлең жолдарын арнайды.

«Быть нашим Президентом Вам свыше суждено.

И столько лет быть Лидером не каждому дано.

Испытывает гордость за Казахстан народ,

Дружнее и богаче стал казахстанский род!», — делінген өлең жолдарында.

Бұған жазған Нұрсұлтан Назарбаевтың жауап хатын Павлодар облысы әкімі аппаратының құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекшісі Жанат Хамметов Михноваға табыс етті.

«Құрметті Галина Васильевна! Хатыңызда көрсеткен жылы лебізіңізге және менің қызметіме арнаған өлең жолдарыңыз үшін рахмет айтамын. Экібастұз қаласының және Сіз қазір жұмыс істеп отырған станцияның қалыптасуы менің қатысуыммен өтті. Бұл өндіріс алыптары — Қазақстанның мақтанышы. Өзіңізбен бірге жұмыс жасайтындарға сәлемімді жеткізіп, игі тілегімді қабыл алыңыз», — дейді мемлекет басшысы өз жауабында.

Абай-ақпарат

0 пікір