Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4596 0 пікір 27 Маусым, 2015 сағат 04:15

ЖАҢАӨЗЕННІҢ ЭКС-ӘКІМІ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҒАДЫ

Жаңаөзеннің экс-әкімі Орақ Сарбөпеев он бес күннен кейін Ақтөбе абақтысынан шығады, деп хабарлайды Nur.kz сайты өз дереккөзіне сілтеп.

2015 жылдың қаңтарында жаңа қылмыстық кодекс күшіне енді. Орақ Сарбөпеев өз ісін қайта қарау өтінішімен сотқа жүгінген. 2015 жылдың наурызында оның мерзімін сегіз жылға дейін төмендетті.  Ал мерзімінің жартысын ғана өтеген соң экс-әкім бостандыққа шығады. Бірақ ол үшін оған 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25 қыркүйегінде лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік қаражатты жұмсағаны және жымқырғаны үшін айыпталған Жаңаөзеннің экс-әкімі Орақ Сарбөпеев 10 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Отың сотты болуына тағылған негізгі айып, Орақ Сарбөпеевке 109 млн теңгені жұмсады және лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген кінәсі еді.

Шындығында, 2011 жылы 16-17 желтоқсанда Жаңаөзен мен Шетпедегі 17 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жараланған (ресми есеп бойынша) оқиғаға байланысты Сарбөпевтің басы бәлеге іліккен болатын. Ол осы оқиғадан кейін, ақпанның 8-і күні қызметінен босатылды. 2012 жылы ақпанның тоғызында тұтқындалды.

Абай-ақпарат

0 пікір