Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4852 0 пікір 28 Маусым, 2015 сағат 15:55

АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БҰҚАРАЛЫҚ АВТОШЕРУ ӨТТІ

Елордада Астананың 17 жылдығына орай бұқаралық велошеру өтті. Мәреде велошабандоздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздардың бірі ЭКСПО-2017 атынан спорт велосипедіне ие болды.

Спорт пен белсенді өмір салтын хош көргендер ұзақтығы төрт шақырымнан асатын, «Салтанат сарайынан» бастау алып астаналық «Сарыарқа» велотрегіне дейін созылған жолды жүріп өтті. Мәреде шара қатысушыларын велошеруді ұйымдастырушылар – Астана әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ қарсы алды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары велошабандоздарды шерудің сәтті аяқталуымен және алда келе жатқан Қазақстанның бас қаласының 17 жылдығымен құттықтады.

«Астананың 17 жылдығына, сондай-ақ, бүкіл әлемді жалын-жігерімен таң қалдырып отырған ғажап мемлекетіміздің құрметіне арналған осындай керемет велошеру ұйымдастырушылары – ЭКСПО-2017-ге алғыс айтқымыз келеді. Тамаша болды»  деп атап өтті Андрей Бегенеев.

«Мереке дегеніміз не? Бұл – басқосу, достарыңмен бірге болып, белсенділік таныту. Бұл – спортты насихаттау, бұл – біздің Қазақстанымыздың болашағы. Сондықтан, алға, Қазақстан! Алға, саламатты өмір салты!» деді депутат Мейрам Бегентаев.

«Астана - Арена» алдындағы алаңға жиналған велошеру қатысушылары арасында бағалы сыйлар ойнатылды. Ұтыс ойыны тіркелу кезінде берілген номерлер арқылы жүрді. Ең жас және ең егде велошабандоздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Олар 3 және 68 жастағы Астана тұрғындары болды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК арнайы сыйлық ойнатты. Қатысушылардың бірі ЭКСПО-2017 лейблі бар спорт велосипедін ұтып алды.

Жалпы алғанда бұқаралық велошеруге 2000 қала тұрғыны мен қонағы қатысты. Мейрамды экстремал шоу жалғастырды. Кәсіби каскадерлер әсерлі трюктар көрсетті. Шара концерттік бағдарламамен және мерекелік отшашумен аяқталды.

Абай-ақпарат

0 пікір