Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4896 0 пікір 30 Маусым, 2015 сағат 07:35

АТЫРАУДА ЕРКЕК ЕРКЕКТІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен кісі тонап, ер адамға қатысты нәпсіқұмарлық пиғылын жүзеге асырмақ болған Н. У-ға қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға сот санкциясы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

Алдын-ала тергеудің мәліметі бойынша, араққа қызара бөрткен Н.У түнгі сағат төрт шамасында өз жөнімен кетіп бара жатқан жігітке соқтығып, әуелі «Нокиа» ұялы телефонын тартып алады да , одан кейін оны ұрып-соғып, өзен жағасына апарып, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлейді. Азғынды зымиян әрекетін ақырына дейін жүзеге асыруға жақын маңнан өтіп бара жатқан машинаның жарығы бөгеп қалады. Ол оқиға болған жердей бой тасалаған.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөігінің 1) тармағымен және 24 бабының 3-бөлігінің , 121 бабының 2-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Абай-ақпарат

 

0 пікір