Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6133 0 пікір 30 Маусым, 2015 сағат 19:23

ҚР СІМ ӨЗБЕКСТАНҒА НАРАЗЫЛЫҚ НОТА ЖОЛДАМАҚ

ҚР Сыртқы iстер министрлiгi өзбек шекарашыларының Қазақстан азаматын атып тастауына қатысты мәлiмдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

"28 маусым күнi Уәлихан Ахметов оққа ұшты. Ол 1978 жылы туған, ОҚО Сарыағаш ауданы Қызыл Әскер ауылының тұрғыны. Осы орайда, ҚР СIМ Уәлихан Ахметовтiң қазасына байланысты туған-туыстарына, жақындарына көңiл айтады. Бұл оқиғаға Қазақстан тарапы наразылық бiлдiредi. Бейбiт күнде Қазақстан азаматтарына қару қолдану Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әрiптестiк, бауырластық, стратегиялық қарым-қатынастарға қайшы келетiндiгiн атап өтемiз. Бiз аталмыш оқиғаның егжей-тегжейлi әрi жан-жақты тергеудi талап етемiз. Себебi Өзбекстан шекарасын кесiп өтуi мүмкiн Қазақстан азаматтарына қару қолдану қисынсыз шара деп есептеймiз. Бiз бұл оқиғаның мұқият тергелуiн талап етемiз. Толық ақпарат ұсынылып, кiнәлiлер жазалануы тиiс. Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгi наразылық нотасын дайындады", - дедi ҚР СIМ ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев.

Ресми өкiлдiң атап өткенiндей, нотаны табыстау үшiн Қазақстандағы Өзбекстан елшiсi министрлiкке шақыртылды. Оның сөзiне қарағанда, зардап шеккен тарапқа Қазақстан заңдарына сәйкес көмек көрсетiледi.

Айта кетейiк, Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас аймағында өзбек әскерилерi Қазақстан азаматын атып тастаған болатын.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні кешкі сағат 21-50 шамасында болған. Қазақстанның екі азаматы Сырдария өзенінде балық аулаған. Өзбек шекарашылары оларға он рет оқ атқан. Соның екеуі 36 жастағы Уәлихан Ахметовке тиген. Екінші балықшы аман.

Марқұмның артында 7 баласы қалды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577