Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4572 0 пікір 2 Шілде, 2015 сағат 08:47

ҒАЛЫМДАР: ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫ МҮЛДЕ ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ

Бостондағы (АҚШ) Тафтс университетінің бір топ ғалымы тәтті газдалған сусындарға тыйым салуға шақыруда. Өйткені, олар көптеген адамның ажалына себеп болады екен, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ғалымдар бұндай қортындыға соңғы 30 жыл бойы жүргізген жұмыстарының нәтижелерінен кейін келген. Оның барысында әлемнің 50 елінде тұратын 611 мыңнан аса адамның денсаулығы бақыланып, қайтыс болу себептері зерттелген. Ақыры газдалған сусындардың жылына 184 мың адамның өмірін қиятындығы анықталды. Бұл сусындар диабет пен жүрек ауруларын тудырады. Сондай-ақ, онкологиялық дерттерге де солар себеп. Медициналық мамандар бүкіл әлем бойынша газдалған сусын өндірісін қысқартып, оны шектен тыс ішуді доғаруға үндеп отыр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір