Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4180 0 пікір 2 Шілде, 2015 сағат 10:05

SOS! ҚЫЗЫЛОРДА ХАЛҚЫНА ЕСКЕРТІЛЕДІ

Елдегі бірқатар ақпарат құралдары алдағы шілде айының Қазақстан үшін ыстық болатын хабарлаған еді. Оның ішінде батыс облыстар мен Қызылорда да аптап ыстықтың беті көпке дейін қайтпайды. 

Соңғы бірнеше күнде кей обдыстарда ауа температурасы 40 градустан асып кетті, мысалы Қызылордадағы аптап ыстық 45 градусқа жеткен. "Абай.кз" порталының сенімді дереккөзі бүгін Қызылорда облысында сельций шкаласымен 70 градустық ыстық ағын өтетінін мәлімдеді. Соған сай аталған облыс тұрғындарына ашық ауада дене еңбегімен айналыспауды, көшеде, жолдарда өта абай болуды ескертеміз. 

Естеріңізге салсақ, Қызылорда облыстық ТЖД бөлім басшысы Марат Қобыландиев бірнеше күн бұрын мынадай мәлімдеме жасаған болатын: - Ауа температурасы 50 градустан жоғары орын алса, төтенше жағдай жарияланады. Дегенмен де 43-45 градус ол да өте ыстық болып есептеледі. Сол себептен біз барлық халықты хабардар етіп отырмыз.

Ауа райының тым ысып кетуіне байланысты жасалған ескертулерге тұрғындар ерекше көңіл бөлгені жөн дейді мамандар. Олар халықты әсіресе өрт пен судан абай болуға шақырады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531