Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 5002 0 пікір 20 Шілде, 2015 сағат 19:11

ТАРИХШЫЛАР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БІРАЗ НӘРСЕНІ БҮЛДІРЕТІН СИЯҚТЫ

"Керей мен Жәнібек 1465 жылы Шу өңірінің Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде жазылған" деп оқып едік. Енді оған да өзгеріс енгізуге талпынып жатырFrown Біздің пысық ғалымсымақтар "Қозыбасы жердің атауы емес, күз басы яғни күздің басында хандық құруы мүмкін" деген қорытынды жасапты))) Осындайлар өздері адасқандарымен қоймай, елді шатастырып болды. "Қазақ хандығының 550 жылдығына қайтсек те жаңалық ашамыз" деп тырбаңдағандар жыл соңына дейін біраз нәрсені бүлдіретін сияқты.

Өткен аптада "Қазақ хандығының картасы Ватиканнан табылды" деп барлық сайттар жазып біраз күлкі болып еді. Анығында, ол сөз СЦК-да менің қойған сұрағыма берілген жауап еді. Келген қонаққа: "кітабыңызды жазу кезінде шетелдік мұрағатпен жұмыс істедіңіз бе? Кітабыңыз Қазақстан тарихы үшін қандай жаңалық әкеледі?" деген едім. Бірақ сұраққа нақты жауап бере алмаған тарихшы "Ватиканнан Қазақ хандығының картасы табылды" деп, түсініксіздеу жауап берген болатын. Мен оны материал етіп жазбадым. Себебі, ол ақпаратты жариялау оқырманға қиянат жасаумен бірдей болатын. Кейін, ол кісінің айтқан сөзі қате болып шықты (жалған). Ол кісінің сөзін кейбір ғалымдар бірден теріске шығарды. 

Ғылым бос көпірме сөзді көтермейді. Немесе қыста черно-белый етіп шығарған кітабыңды жазда цветной етіп бастыру ғылыммен айналысудың белгісі емес. Қазақ хандығы жайлы дерек беретін КСРО кезінде жазылған 15 кітаптың шегін айналдырып болдық. Барлық ғалымсымақтар сілтемені сол кітаптарға жасайды. Ол ғалымсымақтан көшіріп алып оған тағы біреу сілтеме жасайды. Сөйтіп айналдырған 15 кітапты қайта-қайта айналдырып отандық тарих ғылымының Қазақ хандығына қатысты тұсын жасап отырмыз. Енді бұларға "Қозыбасы емес екен, дұрысы күз басы" дейтіндер қосылдыLaughing

P.S: Қазақ хандығы жайлы орыс тарихшылары салып берген сүрлеуден асып шыға алмағандар мен аңызды тарих етіп жазатындар сәл әрірек жүрсе екен!

 

Нұрсерік Жолбарыс

Әлеуметтік желіден

0 пікір