Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6796 0 пікір 31 Шілде, 2015 сағат 13:06

НАСА БІЗГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЭКЗОПЛАНЕТАНЫ АНЫҚТАДЫ

НАСА-ның "Спитцер" телескобы Күннен 21 жарық жылы қашықтықтағы экзопланетаның  бар екенін анықтады. Бұндай ақпаратты BBC жазды.  Бұл күн жүйесіне ең жақын орналасқан осы типтегі планета болып саналады.

HD 219134b деп аталған планетаның диаметрі жерден 1,6 есе үлкен. Ол Cassiopeia жұлдыздар жүйесінде орналасқан. Ғалымдар, егер, онда атмосфера болатын болса, ол планетада болашақ орнатуға болады деп болжайды. Бірақ, мамандар онда өмір сүрудің мүмкін емес екеніне сенімді. Себебі планета Глизе 892 атты жұлдызға тым жақын орналасқан. Бұл планеталық жүйеге бір алып планета мен үш супер жер планетасы кіреді. Бұл жүйе 2005 жылы байқалған.  

Жерге көбірек жақын экзопланета GJ674b болып табылады. Бұл жерден 14,8 жарық жылы ғашықтықта орналасқан. Алайда, ғалымдар оның нақты типін әлі анықтай алмай отыр. Негізінде жерге ұқсас планеталар жерден жүздеген, мыңдаған жарық жылы ғашықтықта орналасқан.

Бұған дейін НАСА Күнге ұқсайтын Kepler-452b орташа жұлдызды байқаған. Ғалымдардың ойынша бұл жұлдыздың айнасындағы планеталарда өмір сүру мүмкін болуы ғажап емес.  

Абай-ақпарат

0 пікір