Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6555 0 пікір 31 Шілде, 2015 сағат 13:23

АҚШ РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР САЛДЫ

АҚШ Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Тізімге енгізілгендер арасында бұрынғы украиналық шенеуніктер, ресейлік миллардерлер және Қырымдағы теңіз порттарына иелік ететін компаниялар бар. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Роман Ротенберг (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен селфи жасап тұр. Сырт жағында тұрған – ресейлік миллиардер Геннадий Тимченко. Тимченко мен Ротенбергті АҚШ қаржы министрлігі «қара тізімге» енгізді.

АҚШ қаржы министрлігі шілденің 30-ы күні Украинадағы дағдарысқа қатысты «қара тізімге» 26 адам мен ұйымдар енгізілгені және АҚШ территориясындағы олардың мүлкіне арест салынатынын мәлімдеді. Сонымен бірге бұл санкция АҚШ азаматтарына санкциялық тізімге алынғандармен бизнес жасауға тыйым салады.

АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау жөніндегі департаменті директоры Джон Смиттің сөзінше, бұл шешім «халықаралық нормаларды бұзып, Украинада жанжал өршіткені үшін Ресейге қарсы қысым батыл түрде жалғаса беретінін» білдіреді.

Абай-ақпарат

0 пікір