Жұма, 29 Наурыз 2024
Не дейді?! 8809 0 пікір 31 Шілде, 2015 сағат 16:08

ҚАП, ЕНДІ ҚАЙТТІК?

Олимпиада-2022 Бейжіңде өтетін болды. Малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Қытай делегациясы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидат-қаланың ақтық таныстырылымын ұсынды. Қысқы ойындарды өткізуге Бейжіңнің бақталасы Алматы болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қытай өтінішін 12 адамнан тұратын делегация таныстырды, олардың арасында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Яндунь, Бейжің әкімі Ван Аншунь, ХОК мүшесі Янг Янг пен ҰБҚ-ның экс-жұлдызы Яо Мин бар.

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />;feature" />

Алматы әкімінің Куала Лампурде сөйлеген сөзінен үзінді

Алматының өтінімін Куала-Лумпурде шенеуніктер мен саясаткерлерден өзге (Кәрім Мәсімов, Ахметжан Есімов, Тимур Құлыбаев, Бердібек Сапарбаев, Қайрат Боранбаев), атақты қазақстандық спортшылар - Денис Тен, Серік Сәпиев, Ермахан Ибраимов, Елена Хрусталева, Юлия Галышева, Сабина Алтынбекова және тағы да басқалар таныстырды.

Айта кетейік, Алматы ХОҚ-қа ресми түрде өтініш берген бірінші қала болды. Бұған дейін сарапшылар Алматы өтінімінің артықшылықтарын атады - осыған ұқсас жарыстарды өткізу тәжірибесі (2011 жылғы Азия ойындары), инфрақұрылым нысандарының 70 пайызға дайын болуы, ықшамдылығы (егер Олимпиада Алматыда болса, ол 30 шақырым радиуста өтеді, ал Бейжіңде бұл көрсеткіш жеті есеге жоғары - 200 шақырым), сонымен қатар, климаты - Алматыда Бейжіңге қарағанда қар қалың түседі.

Еске салатын болсақ, Қазақстан осы олимпиаданы өзінде өткізу үшін «бір жыныстылардың некелесуіне» рұқсат беретін заңды 18 мамырда қабылдаған болатын. Осыған байланысты Human Rights First компаниясы Конституциялық кеңестің бұл шешімін құптайтындығын білдірген еді. Human Rights First өкілі Шон Гэйлорд аталмыш қадамды «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі күресте» маңызды шешім екендігін айта келе, еліміздің өз тарапынан аталмыш заңнамалық актіні бұғаттау арқылы 2022 жылы Алматы қаласында Қысқы олимпиадалық ойындарды өткізуге мүмкіндіктерінің артқандығын хабарлай кеткен еді.

Олимпиада-2022 Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Ахметжан Есімовтің 16 желтоқсан "Тәуелсіздік күніне" орай тілшінің қойған сауалына берген жауабын да тыңдай отырңыздар!

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604