Жұма, 29 Наурыз 2024
Біздің шенеунік 6260 0 пікір 10 Тамыз, 2015 сағат 08:02

ЕСІМОВ АЛМАТЫ ӘКІМДІГІНЕН КЕТТІ

Елбасы Алматыға сапары аясында қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Мемлекет басшысы сондай-ақ қала активімен кездесіп мегаполистің бұдан әрі даму бағыттарын айқындады.

Алматыға әкім болған Бауыржан Байбек бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. Ол  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Алматының жаңа әкімі турасында Елбасы: «Бауыржан Байбек - осындай лауазымға тағайындалып отырған "Болашақ" бағдарламасының бірінші түлегі. Ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қасымда жұмыс істей жүріп, менің қызметімді көрді, бүкіл республикамызды аралады, маңызды сайлау науқандарына қатысты, ал бізді алда парламенттік сайлау күтіп тұр, бұл оңай сынақ емес. Оның қала алдында тұрған міндеттерді елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында сіздермен бірлесіп шеше алатынына сенімдімін», - деп атап өтті.

Ахметжан Есімов болса президент жарлығымен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшылығына тағайындалды. Елбасы Ахметжан Есімовті «Алматы қаласының әкімі лауазымында үлкен жұмыс атқарды» деп атап өтті. «Осы уақыт аралығында қала елеулі нәтижелерге қол жеткізді, келбеті өзгерді, барынша икемді әрі жайлы бола түсті. Баспана құрылысы қарқынды жүргізіліп, жаңадан екі аудан пайда болды. Азиада табысты өткізілді, қазіргі кезде Дүниежүзілік студенттер ойынына дайындық жүріп жатыр. Алматыда шағын және орта бизнес екпінді дамуда. Оның үлесі қала экономикасында 30 пайыздан асып, бюджет түсімдерінің үштен екісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл - маңызды көрсеткіш», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент атап өткендей, Есімовтің тәжірибесі қазіргі уақытта Астанада ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру және өткізу үшін қажет. «ЭКСПО-2017 - біздің болашағымыз. Көрме нысандарының құрылысы - бұл міндеттің тек бір қыры ғана. Оның басқа, әлдеқайда маңызды қыры - мазмұндық толығуы. ЭКСПО-2017 Қазақстанның барлық салада балама энергетиканы дамыту арқылы жаңа технологиялық құрылысқа өтуі үшін серпін беруі тиіс. Ұлттық компанияның басшылығына үкіметпен, барлық өңірлердің әкімдіктерімен іс-қимыл жасайтын, инвестиция және технология тарту үшін әлемнің ондаған елдерімен жұмыс істейтін тәжірибелі адам керек», - деген Мемлекет басшысы.

Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің процестер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген. «Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы

1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан - ҚР Бас хатшысы. 1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы. 1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі. 2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі. 2008 жылдан бері - Алмакты қаласының әкімі.

«Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы (2008 жылдан).

«Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538