Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
Жаңалықтар 4445 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 09:21

«БІР ӨЛЕҢ, БІР ӘУЕН» ЖЫР КЕШІ ӨТЕДІ

 

19 қыркүйек күні 19:00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Хұснихат» әдебиетті қолдау қорының ұйымдастыруымен Республикамызда тұңғыш рет «Бір өлең, бір әуен» атты ән-жыр кеші өтеді. Ұлы Абайдың туғанына 170 толуына орай, қазақ поэзиясын насихаттау мақсатында өткізілетін рухани кешке Нұрлан Оразалин, Марфуға Айтхожина, Иран-Ғайып, Шөмішбай Сариев, Жүрсін Ерман, Жәркен Бөдеш, Исраил Сапарбай, Ұлықбек Есдәулет, Қасымхан Бегманов, Ғалым Жайлыбай, Баян Бекетова, Әділғазы Қайырбеков, Бауыржан Жақып, Ғалым Қалибекұлы, Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсек, Серік Қалиев, Жанарбек Әшімжан қатарлы танымал ақындармен бірге Рамазан Стамғазиев, Бағдат Сәмединова, Дәлел Уәш, Шахизада, Гүлмира Ақүрпекова, Тоқтар мен Бейбіт, Саят Медеуов, Гүлнұр Оразымбетова, Заттыбек Көпбосынұлы, Гүлнұр Өмірбаева, Роза Әлқожа, «Қарагөз» ансамблі, «Серілер», «Ринго», «Жебе», «Гаухартас», «Бауырлар» тобы, Жақсыбек Қалелбекұлы, Баян Бектұрғанова т.б өнер жұлдыздары қатысады.

Ақпараттық демеушілері: «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз» журналы.

Билеттер Студенттер сарайының кассасында сатылады.

Тел: 2-74-20-62

 

Абай-ақпарат

0 пікір