Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 5825 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 10:27

ЖАҢА, ІСКЕР ҮКІМЕТ КЕРЕК ДЕП ОЙЛАЙМЫН

Қазіргі таңдағы төл теңгемізбен болған девольвация - бұл еліміздің экономикасы импортқа тәуелді болғандықтан орын алып отыр. Экономикамыздың осал тұсын көрсетіп берді. Бұл біздің кәсіпкерлерге үлкен соққы болып отыр. Сонда осыдан біраз жыл бұрын экономиканы диверсификациялауға бөлінген қаржы қайда? Дәл бүгінгідей қиын жағдайдан соның нәтижесінде дайын болуымыз керек еді. Неге көмегі әлі күнге нәтиже жоқ? Бұған жауапты адамдар кімдер? Елбасының жариялаған "Нұрлы Жол" бағдарламасының жүзеге асуы баяу, нақты "100 қадам" бойынша атқарылған айшықты істер көріп отырғаным жоқ. Мұның бәрі қазіргі биліктегі Үкіметтің жұмыс жасау көрінісі. Бізге сөзден нақты іске көшетін, жариялы түрде жұмыс атқаратын, бөлінген қаржыны жүйелі жұмсап, халыққа шын жаны ашитын, жаңа іскер Үкімет керек деп ойлаймын.

 

Азаматхан Әміртай

Abai.kz

0 пікір