Жұма, 29 Наурыз 2024
Абай.tv 6907 0 пікір 27 Тамыз, 2015 сағат 13:33

"КӨК БАЗАРДА" БАҒА ШАРЫҚТАДЫ

Қала әкімінің азық-түлік бағасын қымбаттатпау туралы тапсырмасына сәйкес, базарларды қадағалау жалғасып келеді. Осы ретте "Алматы"арнасының тілшілері өзгерістерді бақылап қайтты.

 

Телеарна тілшілері сауда орындарындағы бағаның бірдей еместігін анықтады. Мәселен, ғимараттың бірінші қабатындағы кәсіпкер мен екінші қабаттағы саудагерлердің жеміс-жидек, көкөністерінің құны әртүрлі. Ал өз кезегінде "Көк базар" сауда орталығының бас әкiмшiсi Бота Қарамолдаеваның айтуынша, бағаны заңсыз көтерген саудагерлермен келісімшарттың үзілетінін айтып отыр. "Егер біздің сатушылар бағаны заңсыз көтерсе, біз олармен келісімшартты бұзамыз",- деді Қарамолдаева. 

Ал сатушылардың бірі қымбаттаған тауардың шет елдерден келгенін айтады. "Сырттан келіп жатқан заттар ғой. Кішкене азайып қалса, баға қосылады. Қазір келісіне 200 теңге қосылып тұр ғой",- деді саудагер Фархат Ахтанов.

Айта кетейік, сүт, көкөніс, ет, май сынды халық күнделікті тұтынатын 33 түрлі тағам мен тауар бағасы өзгермеуі тиіс. Ал, көк қағаздың қымбаттауын тиімді пайдаланғысы келгендердің әрекеті ұзаққа бармаған. "Қала әкімінің тапсырмасы бойынша ауданда арнайы штаб құрылған. Ол штабқа прокуратура, ішкі істер департаменті кіреді. Бәріміз бағаларды қарап жатырмыз. Күніне екі рет тексереміз. Ауданымызда екі базар мен 15 супермаркет бар",- деді Алматы қалалық Медеу ауданы әкiмiнiң орынбасары Берiк Сағымбеков. Бақылаушылардың айтуынша, тауар өндірушілер мен оны тасымалдаушы компаниялар бағаны өсіруге ниетті екен. Мүмкіндікті қалт жібермейтін мұндай мекемелерде тізімге алынып, жауапқа тартылады.

tengrinews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538