Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5749 0 пікір 31 Тамыз, 2015 сағат 12:43

АЛМАТЫҒА ШКОЛЬНИКТІҢ ҚЫЗЫ КЕЛДІ

Ресейлік фотограф Катя Школьник Мәскеу қаласында тұратын Татьяна мен Қазақстанның қазіргі энергетика министрі Владимир Школьниктің отбасында дүниеге келген. Ол бір кездері Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде қызмет  істеген болатын. Кейін Мәскеуге көшкен. 2007 жылдан бастап фотосурет түсіру негізгі кәсібіне айналған. Алматыда өтіп жатқан Катяның фотосурет көрмесіне әкесі Владимир Школьник келген жоқ.

Бұл көрме совет заманындағы әйгілі ғимараттардың бірі – Мәскеудегі Наркомфин (Халықтық қаржы комиссариаты) ғимаратын зерттеу қорытындысы іспеттес деп жазады azattyq.org сайты.

Көрмеге келушілер әуелі қабырғалары қара түсті матамен қымталған қараңғы бөлмеге енеді. Қабырғада 1920 жылдардағы советтің дыбыссыз кинохроникасы өтіп жатыр. Екінші қабырғадағы таблода совет заманының «Барлық елдерде социализм жеңісі үшін алға!» деген әйгілі ұраны жазылған. Бөлмеге кірген адам сол заманның елесін көргендей болуы тиіс.

Абай-ақпарат

0 пікір