Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5151 0 пікір 1 Қыркүйек, 2015 сағат 15:47

ӘРБІР ҮШІНШІ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ – ОҚО МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТҮЛЕГІ

«Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері — Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі. Бұл өте қуанышты жағдай. Мұның барлығы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрі салмақты саясатының жемісі», - деді  Білім күні мерекесінде Шымкент қаласында орналасқан «химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне» барып, мұғалімдер мен оқушыларды мерекемен құттықтаған ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов.  

«Облыста 18 112 оқушы ҰБТ тапсырып, олардың орташа көрсеткіш 78,8 баллды құрады. Оған қоса әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері біздің мектептердің түлегі», - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ, оңтүстікқазақстандық оқушылар 2015 жылы алғаш рет республикалық пән олимпиадасының қорытындысына сәйкес, 2 бағыт бойынша жүлделі үшінші орынды иеленгені де белгілі болды.

Облыс басшысы өз сөзінде биылғы жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырғанына тоқталды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздегі ең жоғары туу көрсеткіші біздің облыста тіркеліп отыр. Тұрғындардың әл-ауқаты жылдан жылға жақсарып келе жатқаны да талассыз», - деді Б.Атамқұлов.

ОҚО жаңа оқу жылында 49 жаңа білім беру мекемесі пайдалануға берілсе, соның 22-сі бүгін, 1 қыркүйек күні ашылды.

Сондай-ақ, Б.Атамқұлов  атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 21-ге дейін қысқаратынына назар аударды. Ал,  46 апатты жағдайдағы мектептен бар-жоғы 17-сі қалмақ. Оған қоса биыл ОҚО-да 74 мектеп күрделі жөндеуден, 675 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. Жалпы, өңірдегі үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы 2016-2017 жылдары толығымен шешіледі деп жоспарлануда.

Облыс басшысы Назарбаев зияткерлік мектебінің сыныптары мен зертханаларын аралап, оқушылармен әңгімелесті.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3580