Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 4468 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 12:09

ЖАҢА ӘКІМ КЛАССИКАДАН "ЛЯЗЗАТ АЛА" МА?

 «Алматы» арнасынан беріліп жатқан «Оркестрлер шеруін» тамашалауға келген мыңдаған қалалық көрермен қазақтың кәдімгі «ләззат» деген сөзінің біресе «ЛӘЗЗАТ», біресе «ЛЯЗЗАТ» болып бір сәтте мың құбылған заманауи қазақшасын үйреніп қайтуына тура келді. Қала әкімдігінің тіл саясаты мен мәдени іс-шараларына жауапты шенеуніктерінің халық алдында және «Алматы» арнасының мыңдаған көрерменінің көзінше жіберген бұл қателігі судай жаңа әкімнің абыройына нұқсан келтірмесе игі еді!..

 31 тамызда Оркестрлер шеруiне əкiм қатысатын болғандықтан ба, бiр күн бұрынғы сахнадағы «Классикадан ЛЯЗЗАТ ал» сөзiнiң орнына "ЛӘЗЗАТ ал" деген түзету енгiзiлiп үлгеріптi. Шамасы, қазақ сөзi де заманға сай жаңарып, түрленiп отыратын болған болар деп ой түйдiк.

Дина Имамбаева

0 пікір