Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
46 - сөз 5094 0 пікір 13 Қазан, 2014 сағат 13:01

Күн бар ма, Фурмановтан құтылатын?

Кеше Дмитрий Фурмановтың (шын аты - Фурман) "Бүлік" романын оқып шыққан едім.
Қазақстанда, Түркістанда 2 жылдан аз өмір сүрген.
Қазаққа тиген бір пайдасы бар: 1920 жылғы 12-19 маусымдағы орыс-казактардың Алматыдағы бүлігін аяусыз жаншып басқан, соларды қарусыздандырған (жалпы комиссарлығынан, карательдігі басым ғұмырында, ішкі Ресейде де халық көтерілістерін аямай езген).
Бізге белгілісі Чапаевтың комиссары болған (бірақ Чапай әйелі Анна Стешенкомен көңілдес болып, комиссарымен быт-шыт болған. Сондықтан Фурманды бізге қарай жіберген, пәледен аулақ деп).
1926 жылы менингитпен ауырып, 35 жасында Мәскеуде көз жұмған. Артында 3-4 ірі прозалық дүниесі қалған.
Қазақтардың Алматыдағы Фурманов көшесін жою керек дегенін жақсы түсінемін. Ал орыстардың осыны қызғыштай қорғайтынына таңым бар. Өз тарихын мүлдем білмейді ғой...

Тағы бір ой келген: осы біздің Алматыда неге Азаттық немесе Тәуелсіздік көшесі жоқ, ә? Көп қалада бар бұндай көшелер. Фурмановтың атына көп талас бар. Бірі - тұңғышымызға сақтаулы дейді. Біздер - Алтынбек марқұмға беріңдер деп жатырмыз. Шындап келсек Азаттық, Тәуелсіздік деген қасиетті ұғымдардан биік ешкім жоқ шығар! Алдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы келе жатыр. Жәнібек пен Керей көшесі болсын. Қазақтың басқа да хандары бар.

0 пікір