Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 8135 0 пікір 17 Қараша, 2014 сағат 12:07

Қанағат Әбілқайыр. ТІС ШҰҚЫҒЫШ –ОТАНДЫҚ ӨНІМ

- Ашылуына президенттің өзі келетін болды!

- Елімізде тұңғыш рет...

- Орта Азияда деңіз!

- Жалпы, ТМД-да теңдесі жоқ дүние болайын деп тұр!

- Бәрін сырттан алушы едік. Міне, енді өзіміз де қатарға қосылдық.

- Ал, дайынсыңдар ма? Тыныштық сақтаңдар!

- Құрметті президент мырза! Ашылуына хош келдіңіз! Бұл біз үшін, біздің жұмысшылар үшін үлкен мәртебе!

- Ал, қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыздар?

- Осы маңдағы жұмыс іздеп жүрген бүкіл жұртты қамтымақпыз!

- Айлық көлемі қанша?

- Әзірге қаржылай емес, осы өндіретін өнімімізбен есептесеміз.

- Шикізаттарың жете ме? Қор қаншалықты?

- Мына беткейдегі қалың орман біткенше тынбай еңбектене береміз!

- Сонда жиһаз жасаумен айналыспақсыздар ма? Өзімізден бәсекеге қабілетті жиһаз шығатын болса қуаныштымын!

- Кешіріңіз, президент мырза! Жиһаз жасауға әл-әзір шамамыз жетпейді...

- Сонда не? Әлде ағаштан дайындалатын құрылыс материалдары ма?

- Кешіріңіз, ол да жоспарда бар. Тек...

- Мен таба алмадым. Өзің айта қойшы!

- Ең бастысы, экологиялық таза өнім. Қоршаған ортаға зиянымыз тимейді. Артық шығын да шықпайды. Шетелдің арнайы құрылғылары да керек емес. Отыз еркек азаннан кешке дейін қарағай құлатады, отыз әйел отыз пышақпен отырып алады да...

- Қысқасы!

- Қысқасы, ...тіс шұқығыш жасайды. Отандық өнім!

(Қанағат Әбілқайырдың Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596