Жұма, 28 Ақпан 2020
Жаңалықтар 1817 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:43

Әлемдік кеңістік қазақ тіліне қатысты саясатты бақылап отыр

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері төрткүл дүниеге есігін айқара ашты. Бұрын да, қазір де шикізат көзі болып отырған елдің табиғи байлығы алпауыт мемлекеттер үшін жаңалық болмай шықты. Олардың барлау орталықтары біздің байлығымызды әлдеқашан «барлап» қойса керек, тәуелсіздікпен бірге елімізге инвестиция салынып, әлемдік ірі компаниялар қазба байлықтарымызды игере бастады. Оған Қазақстанның сыртқы саясатының оңтайлы болуы да әсерін тигізді. Еуропа құрлығында қазақ тіліне қызығушылықтың өзіндік тарихы бар. Еуропалық ғалымдардың қазақ мәдениетімен, музыкасымен, тілімен, салт-дәстүрімен танысуы өте ертеден басталады. Мысалы, ХІХ ғасырдағы француз ғалымы Г.Клапорт қазақ тілі туралы материалдарды 1806 жылдары Зайсан өңірінен жинағаны белгілі. Экспедиция Ертіс өзенінің жоғарғы саласынан Зайсан көліне дейінгі жерлерді басып өткен болатын. Ал 2-экспедициясында ол Арал, Түркістан, Шымкент, Бұхара, Қоқанд, Хиуа төңірегінде жұмыс істеп, ондағы қазақтардың тіл ерекшеліктерін зерттеген. Нәтижесінде Г. Клапорт ең алғашқы болып «Француз – Қазақ сөздігін» жарыққа шығарды. Ал экспедиция қорытындысы сол кезде Парижде шығып тұрған «Азия» журналында жарияланған.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері төрткүл дүниеге есігін айқара ашты. Бұрын да, қазір де шикізат көзі болып отырған елдің табиғи байлығы алпауыт мемлекеттер үшін жаңалық болмай шықты. Олардың барлау орталықтары біздің байлығымызды әлдеқашан «барлап» қойса керек, тәуелсіздікпен бірге елімізге инвестиция салынып, әлемдік ірі компаниялар қазба байлықтарымызды игере бастады. Оған Қазақстанның сыртқы саясатының оңтайлы болуы да әсерін тигізді. Еуропа құрлығында қазақ тіліне қызығушылықтың өзіндік тарихы бар. Еуропалық ғалымдардың қазақ мәдениетімен, музыкасымен, тілімен, салт-дәстүрімен танысуы өте ертеден басталады. Мысалы, ХІХ ғасырдағы француз ғалымы Г.Клапорт қазақ тілі туралы материалдарды 1806 жылдары Зайсан өңірінен жинағаны белгілі. Экспедиция Ертіс өзенінің жоғарғы саласынан Зайсан көліне дейінгі жерлерді басып өткен болатын. Ал 2-экспедициясында ол Арал, Түркістан, Шымкент, Бұхара, Қоқанд, Хиуа төңірегінде жұмыс істеп, ондағы қазақтардың тіл ерекшеліктерін зерттеген. Нәтижесінде Г. Клапорт ең алғашқы болып «Француз – Қазақ сөздігін» жарыққа шығарды. Ал экспедиция қорытындысы сол кезде Парижде шығып тұрған «Азия» журналында жарияланған.
Посткеңестік елдердің арасын¬да тек қазақ ұлты ғана тіл жеңі¬лі¬сіне ұшырап отыр. Ашық бәсекеде «мемлекеттік тіл» атағы бар қазақ тілі бұрыннан ықпалы мол орыс тіліне жол беріп алды. Себебі бұл сұ¬рақтардың шешілуі тек Қазақ¬стан ғана болатындықтан, оның экономи¬касының өрлей бастауы¬мен бірге, Үкіметте тіл мәселесінің тәуелсіз¬дік¬пен тығыз байланыста екенін мо¬йындай бастаған сыңай¬лы. Үкімет тарапынан байқалған жы¬лымықтың астарында белгісіз мүдделердің құ¬лағы қылтиып тұрмаса, қоғамның беталасы қазақ тілі үстем болатын¬дай жағдайға қарай бұрылады деп айтуға толық негіз бар.
Осы орайда саясаттаншуы Расул Жұмалы былай дейді:
– Әлемде де қазақ тілінің мә¬селесі ірі мемлекеттердің мүддесі¬мен тығыз байланысты екенін атап өтуіміз керек. Қазір өз ықпалын жүргізуге, үстемдік етуге ұмтылып отырған бірнеше саяси орталықтар бар. Олар: Қытай, АҚШ, ЕуроОдақ және Ресей деп айтамыз. Олардың қатарына жақын болашақта Үн¬дістан мен Шығыс Азия елдері қо¬сылуы мүмкін. Бұл елдер мен саяси бірлестіктер Қазақстанға, соның ішінде оның мемлекеттік тіліне де қатысты әртүрлі саясат ұстанып отырғаны ақиқат. Қазақстанмен төте байланыс орнатып, оған өз ықпалын жүргізуге өте мүдделі АҚШ мемлекеті, біздегі мемле¬кет¬тік тіл – қазақ тілінің үстем бо¬луын қалайды. Оның себептері белгілі: оған Қазақстанның қоғам өмірінің барлық саласында (тіл мәселесінде де) өз позициясы бол¬ғаны қажет. Қазақстан экономи¬ка¬лық, саяси тәуелсіздікпен бірге, тіл тәуелсіздігіне де қол жеткізуі тиіс. Сол арқылы ғана қазақтар ке¬ңестік менталитеттен бірте-бірте арылып, Ресей ықпалынан алшақ¬тай бастамақ. АҚШ-қа да ең керегі осы, – дейді саясаттанушы.
Расул Жұмалы бұған дәлел ретінде қазақ тілін шет тілдері қа¬тарында оқытылатын университет¬терінің саны жағынан АҚШ ал¬дыңғы орында екендігін айтады. Олар:
– Индиана штаты. Блюминг¬тон университеті.
Калифорния штаты. Лос Анд¬желес университеті.
– Кентукки, Лексингтон уни¬вер¬ситеті.
– Амес, Лова университеті
– Вашингтон, Сиэтл универ¬ситеті
– Мэдисон, Висконсин универ¬ситеті.
– Аризона штатының универ¬ситеті.
АҚШ-та Қазақстанға келу ойы бар азаматтар үшін қай өңірге, қанша уақытқа баратынына бай¬ла¬нысты тіл үйрету, мәдениет-салт-дәстүрлермен таныстыру қызметін көрсететін арнайы ақылы мекемелер де бар екендігі белгілі. Осылайша Америкада қазақ тілін оқыту негіздері біртіндеп қаланып келеді. Және бейресми дерек көз¬дері АҚШ-та Ақ үйдегі басшылық Орталық Азия, соның ішінде қа¬зақ, өзбек елдеріне барудан үмітті мамандарын сол елдің тілін мең¬гер¬ген мамандарының ішінен ірік¬теп алып, жіберу туралы шешім қа¬былдаған көрінеді. Және де өзара байланыс артқан сайын, ондай кафедралардың, факультет¬тер¬дің саны арта беретіні және оған Батыстың барынша мүдделі бо¬ла¬ты¬ны анық. Бұл үрдіс біздегі қа¬зақ тілінің жағдайына тікелей бай¬ланыс¬ты емес, дегенмен елімізге келген америкалық азамат қазақи тіл ортасына тап болып жатса – ол барлық жағынан алғанда әділетті, әрі дұрыс болар еді.
Бірақ...
Саясаттанушы Әзімбай Ғали¬дың пайымдауынша, Еуроодақ елдері осы мәселеге қатысты өз позициясын біржақты анықтаған жоқ. Бұрынғы Өзара экономика¬лық көмек (СЭВ) елдері дәстүрлі қатынас бойынша, қатынас құра¬лы ретінде орыс тілін қолдана бе¬реді. Олар Қазақстанда осындай жағдай әлі де сақтала береді деп санайды. Сондықтан ол елдерде қа¬зақ тілін үйрену мәселесі күн тәр¬тібіне қойылмаған десе де болады. Бірақ соған қарамастан, сең қозғала бастағандай.
– Батыс Еуропа елдерінде, әсі¬ресе, АҚШ-тың ықпалындағы ел¬дер¬де қазақ тілі мәселесі көтеріле бас¬тағанына он шақты жылдың жүзі болды. Олардың алдыңғы қа¬тарында Франция, Германия, Ан¬глия тұр. Мұның себебін «еуро¬центристік» көзқарас әлсірей бас¬тағанымен де түсіндіруге болады. Мәдени дамудың «шыңына шық¬тық» деп санайтын «кәрі құрлық» тұрғындары өздерінің түп тамыры Орталық Азиямен, әсіресе, қазақ¬тар¬мен байланысы бар екенін мо¬йындай бастады. Еуропалықтар¬дың Азия мәдениетіне деген көз¬қарасы қайта құру үрдісін бастан кешіп жатыр. Қытай мемлекеті үшін қазақ тілін оқыту мәселесі тарихи тұрғыдан қалыптасқан. Өйткені ол елде бір миллионнан ас¬там қазақтар тұрып жатыр. Сон¬дықтан елдің орталық универси¬тет¬терінде қазақ тілінен дәріс бе¬ретін біз тәуелсіздік алмай тұрып-ақ ашыл¬ған болатын. Бірақ қазір жағдай өзгеше. Әлем қазір қазақ елінің мемлекеттік тілге қатысты жүргізіп отырған саясатын кірпік қақпай қадағалап отыр. Жан-жа¬ғымыз, тіпті Ресей де, Украина да ана тілдерін сақтап қалуға жан¬та¬ласып жатыр. Егер тілге қатысты реформаны 1990 жылдардағы қар¬қын¬мен алға жылжыта алмасақ, ер¬тең кеш болып қалуы әбден мүм¬кін. Әлемдік кеңістіктің қазақ тілі¬не деген көзқарасы қазақтың сая¬си элитасының арына сын. Ішкі элитаның қазақтың тіліне, мемле¬кет¬тік тілге деген қабағы оң болса, әлемдік кеңістіктегі көзқарас қа¬зақ тілінің пайдасына қарай түп¬кі¬лікті түрде бет бұрады, – дейді Әзімбай Ғали.
Ал Қытай сыртқы саясатында қазақ тілін оқытуды мәселе деп қарамауға бейімдік танытып жүр. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан қытайлықтардың орыс тілін қол¬да¬натынын, шамасы келсе, орыс тіліне басымдық беретінін көзіміз көріп жүр. Біріншіден, біздегі нақты шындық осылай болып отыр, екіншіден, қытай қазақтары екі ел арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз етіп тұрғанда – бұл мәселе Күншығыс елінде аса ма¬ңызды проблема туғыза қоймайды.
Бірақ қазақ елінде мемлекеттік тілдің орыс тілінің ықпалынан шыға алмауы Қытайда қазақ тілін¬де тарап жатқан ақпарат құрал¬да¬рына, қазақ тілінде білім беріп жат¬қан оқу орындарының жұмысына кедергі келтіруі әбден мүмкін. Өз елінде төрде емес, есікте отырған тілдің өзге елдегі жағдайының қан¬дай боларын тек ішіңіз ғана сезеді.
Әзірге, қытайлықтар Қазақ¬стан қалаларында қолданыстағы негізгі тіл орыс тілі екендігін же¬тік біледі. Ал стратегиялық тұр¬ғы¬дан ойласақ, қазақ жеріне «бір¬тін¬деп ену» тактикасы орыс тілі үс¬тем¬дік етіп тұрса ғана кедергісіз жүзеге аса алады.
– Тілі жоқ халықта ұлттық өр¬шіл патриотизм әлсіз болады. Он¬дай елдерді «бейбіт түрде», қар¬сы¬лықсыз «жаулап алудың» біршама оңай болатыны тарихта талай дәлелденген нәрсе. Қытайдың қа¬зір¬гі беталысына қарап орыс тілі үс¬темдік жағдайда бола беруі тиім¬ді болып отыр деп те айтуға болады, – дейді Әзімбай Ғали.
Ардагер-дипломат Сайлау Ба¬тыр¬шаның пайымдауынша, қазақ елінде экономиканың дамуымен бірге, тіл мәселесі қатар шешіліп отырса, онда болашақта әлемдік ке¬ңістікте қазақ тіліне деген қы¬зығушылық өсе береді деп болжам жасауға болады. Сонда ғана қазақ тілін меңгеру, оны оқыту мәселелері Қазақстанда ғана емес, өзге шет- елдерде де өзектілігін ешқашан жоғалтпайды.
– Қолымда билік болса, қазақ¬тың «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген қанатты сөзін Үкімет қабырғаларына ай¬шық¬тап тұрып жазып қойған бо¬лар едім. Тіл – кез келген ұлттың ең әлсіз, ең нәзік тұсы.
Әлемдік кеңістік қазақ тіліне қатысты саясатты бақылап отыр¬ға¬нын қаперден шығаруға бол¬май¬ды. Осыдан үш жыл бұрын елдегі славяндық ағымындағы қозға¬лыс¬¬тардың бірі сол кездегі Ресей президенті Владимир Путинге «орыс тілі мемлекеттік мәртебе ал¬майынша, күресімізді жалғастыра береміз» деп хат жазған. Ал билік сол үндеу авторларын «тәйт» деп беті¬нен қайтарып тастаудың» ор¬нына «маңдайынан сипады». Рас, дәл сол мезетте емес, кейінірек.
Дәл қазір қазақ елінде тір¬кел¬ген орыстілді басылымдардың, Ре¬сей жағынан қаржыландырылып отырған ұйымдардың басым көп¬ші¬лігінің қазақ тілінің мәртебесіне бағытталған кереағар көзқарасын Батыс көріп-біліп отыр. Жиырма жылдың ішінде қазақ елінің орыс тілінен іргесін бөле алмауы, жергі¬лік¬ті ұлттың тілін мемлекеттік дең¬гей¬де көтере алмауына мұсылман әлемі, араб елдері, түркі тектес ел¬дер тек өкінішпен қарайды, – дейді Сайлау Батырша.
Сонымен, әлемдік кеңістіктегі қазақ тіліне деген көзқарас әзірге әркелкі. Бірақ түптің түбінде оның қазақ тілінің мүддесіне қарап біржола ойысуы елдің мемлекеттік тілге деген саясатының беталы¬сы¬на тәуелді екені айдан анық.

 


Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір