Жұма, 19 Сәуір 2024
Жалқы сұрақ 6116 0 пікір 2 Желтоқсан, 2014 сағат 11:24

KEGOC-ТІҢ АКЦИЯСЫ ХАЛЫҚҚА КЕРЕК ПЕ?

Ертең жоқ бүрсігүні, яғни желтоқанның үші күні KEGOC компаниясының акциясына басталған «жазылу марафоны» аяқталады. Қарашаның бесінен бері созылып келе жатқан осынау «ХАЛЫҚТЫҚ IPO» халыққа қаншалықты тиімді? Жалпы, аталып отырған компанияның  акцияларын сатып алуға бола ма? Осы күнге дейін қараша халықтың қаншасы компания акциясын сатып алды?

Рас, мұны біз білмейміз, ал бірақ біздің білетініміз мынандай мәселе: KEGOC-тің сатуға шығарылған жиырма алты миллион акциясының әрқайсысының бағасы – 505 теңге. Хош дейік. «Самұрық-Қазынаның» басшысы Өмірзақ Шүкеевтің айтуына қарағанда, біз айтып отырған компания өз кірісінің жоқ дегенде қырық пайызын тұрғындарға дивиденд төлеуге бағыттайтын көрінеді. Бұл қалай сонда? Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған компания 14,5 миллиард теңге шығынға батты. «Нәтижесінде» компания өткен жылы «көк тиын» да дивиденд төлеген жоқ. Осы жерде компания басшылығына (компанияның басқарма төрағасы Бақытжан ҚАЖИЕВ деген азамат) біздің бір ғана сұрағымыз бар, ол мынандай сұрақ: Елбасымыз тиімсіз деп бағалаған осынау компанияның акцияларын қазақстандықтар неге сатып алуға тиісті? Екі мың оныншы жылдан кейін бір де бір рет дивиденд төлемеген KEGOC «ХАЛЫҚТЫҚ IPO» негізінде акцияларын сатып алған «подписчиктеріне» дивидендті қалай төлемекші?

БӘСЕ, ҚАЛАЙ ТӨЛЕМЕКШІ?

Марат МАДАЛИМОВ

Abai.kz   

0 пікір