Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5849 0 пікір 15 Желтоқсан, 2014 сағат 16:31

ҮШЕМ ТУҒАН АНАҒА БЕРЕТІН ҮКІМЕТТЕ АҚША ЖОҚ

Үкімет үшемдерге үй беруден бас тартты

Ақшаның жоқтығын сылтауратқан Үкімет үшемдерге үй беруден бас тартты. Енді дүниеге үшем әкелген отбасыларға баспана бөлу бөлмеуді әкімдер шешетін болды.Үкімет үшемдерге үй беруден бас тарттыТіпті бұл талап "Тұрғын үй қатынастары жөніндегі" заң жобасына енгізілмек. Сәбилерге келгенде сараңдық танытқан Министрлер кабинеті осылайша пәтер мәселесін шешуді жергілікті әкімдіктерге ысырып отыр.Осыдан бір ай бұрын сенатор Қуаныш Айтаханов дүниеге үшем әкелген отбасына кезексіз үй берілсін деп премьер-министрге сауал жолдаған.Алайда, депутаттың сөзі сол айтылған мінберден арыға аса алған жоқ. Өйткені Үкіметте үшемдерге кезексіз пәтер бөлетін артық ақша жоқ екен.Қаржы тапшы деп жалтарған елордалық шенеуніктердің айтуынша, үшемі бар жанұяларға әкімдер қарайласуы керек. Бір қызығы, әкімдердің тек жергілікті қазынада басы артық ақша қалған жағдайда ғана қолұшын беруге құқы бар."Бюджеттің жағдайы болмаса, берілмейді. Біз құқық береміз, алайда пәтер беру бермеуді әкімдер шамасына қарап анықтайды", - деді  Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Дереккөз: news.nur.kz

ҮШЕМ ТУҒАН АНАҒА БЕРЕТІН ҮКІМЕТТЕ АҚША ЖОҚ

Күллі әлем "басы артық шығын" санайтын ЭКСПО-ны өткізуге – ақша жетеді-міс;
Бүкіл Азия алапестей үркіп, бір-біріне сілтеп, қашқақтап отырған Универсиаданы өткізуге – ақша жетеді екен;
Норвегия, Швеция секілді қарлы-шыңды елдер ат-тондарын ала қашып отырған, бюджеті көп Ақ Олимпиаданы (2022 жылғы, әлі алғанымыз жоқ, бірақ үміт мол) ұйымдастыруға қаражат жеткілікті көрінеді;
Бәрін онсыз да Бір-ақ кісі кісі шешетін елде жүзден астам «арамтамақ»-депутатты асырап, бағып-қағуға қаржы баршылық деседі;
Парақорлық-жемқорлық жөнінен әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына еркін енетін елде миллиондар (теңгемен емес) жымқырылып, миллиардтар (тағы да теңгемен емес) шетел асып жатыр;
Мемлекеттік лауазымды орыннан бастап, алыстағы ауыл мектебінің еден жуушысына дейін жұмысқа тұрудың өз прейскурант-бағасы бар мемлекетте бір ғана қызмет саласында қыруар қаражат «айналып жүр»...
Бірақ осы елде үшем туған анаға – қазақтың санын көбейтіп жатқан отбасыға үй беруге үкіметте ақша жоқ екен!
Бір кем дүние...

Сәкен СыбанбайДЫҢ Фейсбуктегі парақшасынан алынды

0 пікір