Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5023 0 пікір 26 Желтоқсан, 2014 сағат 19:35

Алматы облысы ардагерлерін сыйлады

Алматы облысының әкімі соғыс ардагерлерінің үйлерінде болып, ҚР Президентінің құттықтауын және сыйлықтарын тапсырды.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Іле ауданы Боралдай кентінің тұрғындары Иван Данилович Тяжкороб  пен Көшерхан Әлімбайұлы Әлімбаевтың  отбасында болып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан келе жатқан Жаңа жыл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Өіңір басшысы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Мемлекет басшысы қол қойған арнайы құттықтау хаттарын және сыйлықтар табыс етті. Облыс әкімі А.Баталов ардагерлерге Елбасының ыстық сәлемін жеткізіп, елімізде Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясаты нәтижесінде атқарылып жатқан шаралар мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жұмыстары жөнінде кеңінен айтып берді. Өз кезектерінде ардагерлер Елбасына ризашылықтарын білдірді.

- Біріншіден, Елбасына мың мәрте рахмет. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз құдайға шүкір, өркендеп, даму үстінде. Қазақстанымыз қазір бүкіл әлемге танымал. Мереке қарсаңында соғыс ардагерлерін еске алып, арнайы құттықтау жіберуі біздерді қатты қуантып тастады. Шексіз ризамыз. Елбасы аман болып, елімізді биік белестерге бастай берсін, - деді 92 жасар Көшерхан Әлімбаев.

КөшерханӘлімбаев  қазір 92 жаста. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған. 1942 жылдан бастап Украина, Беларусь, Балтық жағалауында соғысқа қатысқан. Жапония соғысына атсалысып, 4 рет қатты жарақат алған. Иван ДаниловичТяжкороб  1927 жылы туған. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, соғысқа қатысқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1579
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606